Қазақстанда «такс фри» пилоттық жобасы тағы бір жылға ұзартылды
© Фото: pexels
Қаржы министрі тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тыс әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға ҚҚС сомасын өтеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекітті ("такс фри" пилоттық жобасы), деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары және мерзімдері ("такс фри" пилоттық жобасы) 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылатындығы айтылды.
"Такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі, егер сатып алынған тауарлардың құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын 20 (жиырмадан) кем емес айлық есептік көрсеткішті құраса, сатып алушыға "такс фри" құжатын (түбіртегін) толтырады және ұсынады.
Пилоттық жоба Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында орналасқан стационарлық сауда объектілерінде іске асырылады.
Пилоттық жобаның қатысушылары:
- "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі;
- "такс фри" жүйесінің операторы – "Global Blue" компаниясы;
- мемлекеттік кірістер органдары.
"Такс фри" жүйесі операторы бір уақытта мына талаптар сақталған:
- шетел мемлекеті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмаған;
- сатып алушы тиісінше толтырылған және мемлекеттік кірістер органының белгісін (жеке нөмірлі мөрін) қамтитын "такс фри" құжатын (түбіртегін) ұсынған;
- "такс фри" құжаттарында (түбіртектерінде) көрсетілген, сатып алушы сатып алған тауарлардың жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы 20 (жиырмадан) кем емес айлық есептік көрсеткішті құраған;
- Сатып алушы өзі сатып алған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге (тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы әкетуді қоспағанда) Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының ғимаратында орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының өткізу пункті арқылы әкетуді жүзеге асырса, бұл "такс фри" құжатында (чекте) мемлекеттік кірістер органының белгісімен (жеке нөмірлік мөрі) расталады;
- "такс фри" құжатын (түбіртегін) ресімдеу күнінен бастап ресімдеу айын қоспағанда, үш айдан көп емес уақыт өткен кезде қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеу жүргізеді.
"Такс фри" жүйесінің операторы сатып алушыға қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеу қолма-қол ақшасыз нысанда ғана банк шотына, немесе несие картасына немесе мобильді әмиян шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырады.
Сатып алушыға өтелетін қосылған құн салығының сомасы сауда қызметі субъектісі тауарларды өткізген кезде сатып алушыға есептелген және осындай адам "такс фри" жүйесінің операторы айқындаған қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша көрсетілетін қызметтің құнына азайтылған тауарлар бағасының құрамында төленген қосылған құн салығының сомасы ретінде айқындалады.
Бұйрық 2025 жылғы 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:12, 17 қаңтар 2025
Қазақстанның екі өңірінде жер сілкінісі сезілді
-
23:05, 17 қаңтар 2025
Маңғыстау облысында Сайөтес-Бейнеу тас жолында жүк көлігі аударылды
-
22:56, 17 қаңтар 2025
«Боран, тұман, жаңбыр». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:28, 17 қаңтар 2025
Ресейден Арменияға ұшып шыққан ұшақ апатты жағдайда әуежайға қонды
-
21:57, 17 қаңтар 2025
Газада кепілге алынған адамдардың босатылатын алғашқы күні аталды