Қазақстанда суперкомпьютерді қалай пайдаланады

16:44, 1 сәуір 2025

© Фото: pixabay

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин 2025 жылдың 1 сәуірінде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында елде суперкомпьютерді қалай пайдаланатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің айтуынша, суперкомпьютер – бұл түрлі серверлер мен деректер сақтау жүйелерінің жиынтығы. Ол есептеу машинасы GPU (графикалық процессор) негізінде жұмыс істейді және нейросетке, жасанды интеллект моделіне негізделген.

"Жабдық сатып алынды, алғашқы пилоттық базалық қызметтер eGov.AI түрінде осы өнімде тестіленуде. EOtinish бойынша деректердің үлкен көлемде өңдеу талдауы тағы бір мәрте сыналуда. Сондай-ақ, Әділет министрлігімен бірлесіп, заңнама бойынша кеңес беретін бот пен AI-ассистентті де сынап жатырмыз", – деді Ростислав Коняшкин.

Ол зияткерлік көмекшілерді мемлекеттік органдарда толыққанды енгізу үшін үлкен ресурстар қажет екенін атап өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы бірнеше жабдықты жеткізу жоспарлануда, соның ішінде серверлер мен жасанды интеллект жабдықтарын әзірлеудегі көшбасшы NVIDIA компаниясының озық шешімдері.

"Біздің алдымызда түрлі салаларда 50 AI-агенті мен AI-ассистентін енгізу міндеті тұр. Қазір мемлекеттік органдар бірлесіп, осы AI-агенттер мен AI-ассистенттерді енгізу картасын құрастырды, бұл біздің азаматтарымыз бен бизнес үшін қызметтердің кең ауқымын қамтуға мүмкіндік береді. Біз AI-ассистентті тек AI-ассистент үшін жасау мақсатын қоймаймыз. Біз оның азаматтар мен бизнес үшін тиімділік пен пайда әкелетінін немесе мемлекеттік секторда процестерді оңайлататындығын түсінуіміз қажет", – деп қорытындылады вице-министр.

Бұған дейін Грекияның туристік аралдары қарғын су астында қалғандығы хабарланған болтаын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!