Арина Алтухова нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды

15:47, 5 сәуір 2025

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық Арина Алтухова нысана көздеуден Буэнос-Айресте (Аргентина) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 50 метр қашықтыққа үш қалыпта атудан үшінші нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 445.9 ұпай жинады.

Бірінші орынды үндістандық Каур Самра (458.6 ұпай), ал күміс жүлдені германиялық Анита Мангольд (455.3 ұпай) жеңіп алды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!