Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы өседі

12:15, 9 маусым 2023

© Сурет: Zakon.kz

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түсіндірме құжатта 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газына көтерме бағаны 33 600-ден 40 320 мың теңгеге дейін (20%-ға) көтеруді жоспарлап отырғаны, бұл бөлшек сауда бағасының 1 литрге 4,2 теңгеге пропорционалды өсуін талап ететіні жазылған. 

Осыған байланысты сұйытылған мұнай газы нарығында кассалық алшақтықты болдырмау мақсатында ведомство Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу бағасын 1 литр үшін 4 теңгеге өзгертуді ұсынды.

Сонымен:

  • Астана, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу және Ұлытау, Шығыс Қазақстан облысында жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газдың бөлшек сауда бағасын литріне 70 теңгеден 74 теңгеге дейін;
  • Алматы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысында литрін 75 теңгеден 79 теңгеге дейін;
  • Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында литрін 50 теңгеден 54 теңгеге дейін;
  • Шымкент, БҚО, Қызылорда, Түркістан облыстарында литрін 60 теңгеден 64 теңгеге дейін;
  • Жамбыл облысында литрін 65 теңгеден 69 теңгеге дейін өсіру ұсынылды.

Бұйрық жобасы 2023 жылғы 23 маусымға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!