Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны жарты миллионнан асты
© Фото: freepik
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 1 шілдеде өткен Үкімет отырысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының артқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еліміздегі салық төлеушілердің жалпы саны 2,8 миллион адамға жеткен.
"Бұл жыл басымен салыстырғанда 367 мың адамға көп. Өзін-өзі жұмыспен қамту режимін қолданатын азаматтардың саны 543,5 мың адамға дейін өсті. Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында атап өткендей, жүргізілген салық-бюджет реформалары экономикалық жүйені толық жаңғыртып, қазақстандық экономиканың жаңа моделінің негізін қалады", – деді Серік Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, негізгі назар мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға, бюджеттік тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік органдардың нақты нәтижелерге қол жеткізуі үшін жауапкершілігін күшейтуге аударылған.
"Сонымен қатар өңірлердің қаржылық дербестігін кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған қоса, Салық кодексін тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Жобалық офис құрылды", – деп толықтырды министр.
Қазақстан экономикасының 2026 жылдың соңына дейін қаншалықты өсетіні туралы толығырақ арнайы материалдан оқуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:52, 1 шілде 2026
1 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
12:42, 1 шілде 2026
Қазақстан 2026 жылы 55 миллиард доллардан астам инвестиция тартуды жоспарлап отыр
-
12:31, 1 шілде 2026
Құрылтай депутаттарына қызметтік тұрғын үй беріледі
-
12:26, 1 шілде 2026
Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті - Бас прокуратура
-
12:19, 1 шілде 2026
Бибісара Асаубаева шахматшылардың әлемдік рейтингінде алғаш рет үздік бестікке енді





