Бибісара Асаубаева шахматшылардың әлемдік рейтингінде алғаш рет үздік бестікке енді

12:19, 1 шілде 2026

© Сурет: norwaychess.no

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева тарихи жетістікке қол жеткізіп, Халықаралық шахмат федерациясының жаңартылған әлемдік рейтингінде бесінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, 22 жастағы Бибісара жаңартылған рейтингте 2538 ұпай жинап, бірден екі сатыға жоғарылады. Осылайша, ол өз мансабында алғаш рет әлемнің ең үздік бес шахматшысының қатарына енді.

Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің алғашқы төрт орнын Қытай шахматшылары иеленіп тұр.

Рейтингтің көшін Хоу Ифань (2596 ұпай) бастап тұр. Екінші орында – Лэй Тинцзе (2566), үшінші орында – Цзюй Вэньцзюнь (2560), ал төртінші сатыда Чжу Цзиньэр (2550) орналасқан. Олардың соңынан бесінші орында қазақстандық Бибісара Асаубаева тұр.

2026 жылдың шілде айындағы әйелдер арасындағы әлемдік рейтингінің үздік ондығы:

  1. Хоу Ифань (Қытай) – 2596 ұпай
  2. Лэй Тинцзе (Қытай) – 2566 ұпай
  3. Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) – 2560 ұпай
  4. Чжу Цзиньэр (Қытай) – 2550 ұпай
  5. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 2538 ұпай
  6. Александра Горячкина (Ресей) – 2536 ұпай
  7. Анна Музычук (Украина) – 2529 ұпай
  8. Хампи Конеру (Үндістан) – 2524 ұпай
  9. Тань Чжунъи (Қытай) – 2517 ұпай
  10. Александра Костенюк (Швейцария) – 2508 ұпай

Бұған дейін Бибісара Асаубаеваға президент атынан мемлекеттік награда табыс етілгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!