Қазақстан 2026 жылы 55 миллиард доллардан астам инвестиция тартуды жоспарлап отыр
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 1 шілдеде өткен Үкімет отырысында инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы елдің инвестициялық ахуалын одан әрі жақсартып, экономиканың басым секторларында қосылған құны жоғары серпінді жобаларды жүзеге асыру міндетін қойған.
"Осы тұрғыда әрбір министр мен әкімге инвестиция тарту бойынша нақты көрсеткіштер мен міндеттер жүктелді. Биыл біз 25,5 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция және 31,5 триллион теңге көлемінде негізгі капиталға инвестиция тартуымыз қажет. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-министр Сыртқы істер министрлігіне Бас прокуратурамен бірлесіп барлық инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың заңды құқықтарын қорғау жұмыстарын жүйелеуді тапсырды.
Үкімет басшысы әлеуметтік салаға қатысты да бірқатар тапсырма берді.
"Мемлекет басшысы атап өткендей, әлеуметтік сала теңгерімді әрі барынша тиімді болуы тиіс. Жалпы елімізде көпдеңгейлі және атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі қалыптасты. Бұл көмек шынымен мұқтаж азаматтарға бағытталуы керек. Мемлекеттің барлық негізгі әлеуметтік кепілдіктері сақталады. Еңбек министрлігі цифрлық құралдарды пайдалана отырып, осы бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастыруы қажет", – деп түйіндеді Премьер-министр.
Бұған дейін Олжас Бектенов авиациялық керосинді сақтауға арналған инфрақұрылымды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 1 шілде 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық гимнастика ұйымдарының жетекшілерін қабылдады
-
13:37, 1 шілде 2026
2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді
-
13:26, 1 шілде 2026
Несиелер бойынша қарызы бар қазақстандықтарға жағымды жаңалық хабарланды
-
13:13, 1 шілде 2026
Жаңа Конституцияның қабылдануымен не өзгереді: Әділет министрі түсіндірді
-
13:09, 1 шілде 2026
Олжас Бектенов инфляцияны төмендету жұмыстарын қатаң бақылауды тапсырды





