Қазақстанда Орта Азиядағы тұңғыш Apple оқу орталығы ашылды

© Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Орта Азияда Apple Authorized Training Center for Education (AATCE) мәртебесін алған алғашқы білім ордасы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпарына сүйенсек, AATCE мәртебесі мектептің цифрлық пәндерді оқыту және IT мамандарын даярлау саласындағы Apple компаниясының халықаралық стандарттарына сәйкестігін растайды. Оқу бағдарламасы мектеп оқушылары үшін арнайы әзірленіп, "Develop in Swift" сертификатталған курсын қамтиды, бұл оқушыларға мектеп аясында Swift тілін меңгеруге және iOS үшін мобильді қосымшаларын әзірлеуге мүмкіндік береді
"Осы уақытқа дейін мұндай орталықтар негізінен Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі университеттерде ашылды. РФММ оқушыларының оқыту мен технологиялық даярлығының жоғары деңгейі Apple мойындаған білім беру деңгейінің бірегей үлгісі болды", — деп атап өтті iTeacher Academy (Apple Authorized Reseller) негізін қалаушы Юлия Андреева.

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
8-9 сынып оқушыларына арналған сабақтар аптасына екі рет өтеді. Курс барысында оқушылар бағдарламалаудың негіздерін, мобильді қосымшалардың құрылымын үйреніп, өздерінің IT-жобаларын жасайды. Сондай-ақ, олар Swift Student Challenge сияқты халықаралық Apple байқауларына қатысу мүмкіндігін алады. Бастауыш сынып оқушыларына Apple экожүйесімен танысу және негізгі цифрлық дағдыларды меңгеруге арналған курстар ұйымдастырылған.
"Қазақстанда AATCE орталығының ашылуы – цифрлық білім беруді дамытудағы маңызды қадам. Ол оқушыларымыздың әлемдік үздік білім беру стандарттарына қол жеткізуіне жол аша отырып, өңірлік деңгейде IT дайындығы саласындағы көшбасшылықты нығайтуға серпін береді", — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстан мектептерінде білім беру жүйесін цифрландыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ұлттық бастамалар аясында мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды, мектептердің 95,2%-да интернетке қолжетімділік сапасы айтарлықтай жақсартылды, цифрлық білім беру платформалары енгізілуде, оқу процесіне жасанды интеллект элементтері интеграциялануда. Бұл шаралар білім сапасын арттыру және оқушыларды цифрлық болашақтың сын-тегеуріндеріне дайындауға бағытталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:36, 20 сәуір 2025
Голан жоталарынан Қазақстанға бітімгерлердің қалған бөлігі оралды
-
17:32, 20 сәуір 2025
«Түнде аяз болып, үсік жүреді». Еліміз бойынша 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
-
15:57, 20 сәуір 2025
Қостанайда есірткі саудалайтын дүкен әшкере болды
-
15:01, 20 сәуір 2025
Алматыда жүгіруден өткен марафон кезінде екі адам көз жұмды
-
14:41, 20 сәуір 2025
ТЖМ жаңа туған сәбидің өміріне араша сәттің видеосын жариялады