Қазақстан мектептеріне маңызды өзгерістер енгізіледі: оқушыларды не күтіп тұр
© Фото: Министерство просвещения РК
Қазақстанда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтарына толық сәйкестендірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 28 шілдеде ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
"Жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жаңа Конституцияның ережелеріне сәйкестендірілді. Білім беру мазмұнына Конституция қағидаттары, "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтары, "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы және "Заң мен тәртіп" қағидаты жүйелі түрде енгізілді".
Сондай-ақ оқушылардың жасанды интеллект пен цифрлық ресурстарды тиімді, қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударылғаны хабарланды.
"Конституция негіздерін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, мемлекеттік рәміздердің маңызын түсінуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге және заң үстемдігі қағидатын сақтауға қатысты талаптар күшейтілді", – делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жаңартылған стандартты сапалы енгізу үшін республикалық және өңірлік деңгейлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілетіні атап өтілді.
"Барлық өзгеріс білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың заманауи құзыреттерін дамытуға және білім беру жүйесін жаңа Конституция қағидаттарына сәйкес одан әрі жетілдіруге бағытталған", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
2026 жылғы 1 шілдеде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан оқушылары жаңа оқу жылынан бастап қандай пәндерді оқитынын айтып берген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:13, 28 шілде 2026
Денсаулық сақтау министрлігі Пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын жетілдіруді жоспарлап отыр
-
11:07, 28 шілде 2026
Мбаппе Франция құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздігіне әлі де қапалы екенін айтты
-
10:56, 28 шілде 2026
Еңбек министрлігі ауқымды тексерулерден кейін жасөспірімдердің ата-аналарына үндеу жасады
-
10:43, 28 шілде 2026
Ұлытау облысында той кортежіне қатысқан 8 көлік айып тұрағына қойылды
-
10:36, 28 шілде 2026
Қырғызстанда ұшақтағы барлық хабарламаны қырғыз тілінде жариялау міндеттелді





