Қазақстанда оң рульді автокөлік басқаратын такси жүргізушілеріне жұмыс істеуге тыйым салынады
© Фото: pexels
Көлік министрі Марат Қарабаев 20 тамызда Үкіметте өткен брифингте енді Қазақстанда оң рульді көліктері бар такси жүргізушілеріне жұмыс істеуге тыйым салынатындығын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, 1 қаңтарға дейін Yandex және InDrive өз қызметтерінде оң рульді көліктерді анықтап олардың жұмыс істеуін шектейді.
"2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Яндекс.Такси" мен InDrive өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған. Сонымен қатар бұрын оң рульді болып, сол жақ рульге ауыстырлыған көліктерге де тыйым салынады", – деді министр.
Қарабаев бұл әрекетті техникалық жағынан қауіпсіздікке сай еместігімен түсіндірді.
Бұған дейін ол көшіліктің наразылығын тудырған қашықтыққа байланысты шектеу туралы жауап берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 16 желтоқсан 2025
Қызылордада алғаш рет бір күнде үш бүйрек ауыстырылды
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам





