Қазақстанда оқу жылы қашан аяқталады

12:17, 1 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Бүгін, 2025 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан мектептерінде төртінші тоқсан басталды. Ол 25 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомстваның мәліметінше, соңғы тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды.

"Сонымен қатар, 25 мамырда қорытынды шығарылып, 2024-2025 оқу жылы аяқталады". Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Қазақстанда 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды. Алайда болашақ мектеп оқушыларының ата-аналары техникалық ақауға тап болды. eGov жүйесі імтен шықты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!