Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі
© Фото: Zakon.kz
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрінің м. а. 2025 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығымен объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру ережесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, ережелер жаңа редакцияда баяндалған және объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім алу тәртібін айқындайды.
Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және бұзу (кейіннен кәдеге жарату) әзірленген ЖЖЖ негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға арналған ЖЖЖ-сын әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі және ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызу қағидаларға сәйкес белгіленеді.
Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу кезінде ЖЖЖ дайындау ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижелерін ескереді.
Егер ғимараттар мен құрылыстарды бұзу мемлекеттік инвестициялар қаражатын тарта отырып не олардың қатысуымен жүзеге асыру жоспарланған жағдайда тапсырыс беруші объектіні бұзуға сметалық құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етеді.
Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу барысында құрылысқа қатысушылар адамдардың өміріне немесе денсаулығына, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алуға арналған шаралар қабылдайды және уақытша қоршауларды, кірме жолдарды орнату және құрылыс қоқыстарын кәдеге жарату жөніндегі іс-шаралар жүргізеді.
Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және бұзудан кейін тапсырыс беруші (меншік иесі) ғимараттар мен құрылыстарды бұзу актісін жасайды және үш жұмыс күн ішінде Көрсетілетін қызметті берушіге есепке алуға және тіркеуге ұсынады.
Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу актісі Көрсетілетін қызметті берушіде міндетті есепке алуға және тіркеуге жатады.
Рұқсатты қалай алуға болады
- егер объекті мердігерлік тәсілмен бұзылған жағдайда, мердігерлік жұмыстарға арналған шарттың электрондық көшірмесі ұсынылады;
- егер жылжымайтын мүлік объектісінде бірнеше меншік иесі болған жағдайда, объектінің басқа меншік иелерінің кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін және оның параметрлерін электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
- егер құрылыстарды бұзу жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу үй-жайлардың (үй бөліктерінің) аралас меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда үй-жайлардың (үй бөліктерінің) аралас меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
- ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі («Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабының 2-тармағында көрсетілген объектілер бойынша талап етілмейді);
- ЖЖЖ (Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабының 2-тармағында көрсетілген объектілер бойынша қажет емес)/жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының электрондық көшірмесі;
- көп пәтерлі тұрғын үй авариялық деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 795 бұйрығымен бекітілген Авариялық көп пәтерлі тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың А қосымшасына сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы орган құратын ведомствоаралық комиссияның бұзу туралы тиісті қорытындының электрондық көшірмесі.
Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде "жеке кабинетте" нәтижені алған күнін көрсете отырып, Мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Рұқсат беру мерзімі:
- күрделі емес нысандар-жеті жұмыс күні;
- күрделі нысандар-12 жұмыс күні.
Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң (20 қаңтар) қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:53, 21 қаңтар 2025
Ақтөбеде тұрғындардың тыныштығын бұзған «криминал» кафе бұзылатын болды
-
18:53, 21 қаңтар 2025
Ақтөбеде тұрғындардың тыныштығын бұзған «криминалды» кафе жойылды
-
18:46, 21 қаңтар 2025
Қарағанды облысында балықшылар су қоймасында тұрып қалды
-
18:34, 21 қаңтар 2025
Павлодарда 26 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ сотталды
-
18:15, 21 қаңтар 2025
Алаяқтар жасөспірімді алдап, ата-анасының 1 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырған