Қазақстанда некені қалай тіркеуге болады: құжаттар тізімі және ескеру керек жайттар

12:56, 23 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ 2025 жылғы 22 сәуірде қазақстандықтарға некені тіркеудің негізгі кезеңдері туралы айтып берді. Атап айтқанда, қайда өтініш беру керек, қандай құжаттар қажет және нені ескеру керек екенін. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Мамандар атап өткендей, Қазақстанда некені тіркеуге өтініш берудің үш нұсқасы ұсынылады:

  • АХАТ бөлімдері;
  • электрондық үкімет порталы;
  • Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары.

Мәселен, АХАТ бөлімінде барлық азаматтар өтініш бере алады.

Ал, өтінішті онлайн беру барысында өтініш беруші жұптың екеуі де ҚР азаматы болу керек.

Сондай-ақ, егер жұп некеге алғаш рет тіркеліп жатса және ортақ балалары болмаса, АХАТ бөліміне жеке куәліктерімен келіп, сол жерде өтініш толтырып, 3864 теңге мөлшеріндегі тіркеу жарнасын төлеу керектігі атап өтілді.

Ал, егер жұптың біреуі немесе екеуі де бұған дейін ресми некеде тұрған болса және балалары болса, келесі құжаттар қажет:

  • өтініш;
  • екі тараптың жеке куәліктері;
  • тіркеу жарнасының төленбегені туралы түбіртек;
  • бұрынғы некенің бұзылғаны туралы құжат;
  • ортақ бала(лар) болған жағдайда, олардың туу турлы куәлігі.
"Неке өтініш берген күннен кейінгі алғашқы жұмыс күнінен бастап есептегенде он бесінші күнтізбелік күні тіркеледі",- деп мәлімдеді ведомство.

Ескеру қажет: Егер бұл күн демалыс немесе мереке күніне түссе, тіркеу келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Егер жұп белгіленген күні неке қию рәсіміне келмесе, өтініш күшін жояды және қайта өтініш беру қажет болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!