Қазақстанда 5 мыңнан астам сауда орны цифрлық активтермен төлем қабылдайды

16:16, 15 қыркүйек 2026
MKZ: 1566973

© Фото: pixabay

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов 2026 жылғы 15 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында Қазақстанда цифрлық активтермен төлем жасау мүмкіндігі кеңейіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде цифрлық активтер күнделікті төлем жасау үшін қолданыла бастады.

"Binance Kazakhstan және Alatau City Bank-пен бірлесіп, тауарлар мен қызметтер ақысын цифрлық активтермен төлеу мүмкіндігі іске қосылды. Пайдаланушы сатып алған заты үшін QR-код арқылы цифрлық активтермен төлейді, ал сатушы қаражатты теңгемен алады. Бүгінде бұл қызмет Қазақстан бойынша 5 мыңнан астам сауда орнында қолжетімді. Қазірдің өзінде 100-ден астам транзакция жүргізілді. Келесі кезеңде жүйені Halyk Bank, Freedom Pay және Tarlan қызметтерімен интеграциялау жоспарланып отыр", – деді Ғиззат Байтұрсынов.

Сонымен қатар күнделікті төлемдер үшін теңге бағамына бекітілген стейблкоинді енгізу мәселесі пысықталып жатыр.

Бұған дейін Қазақстанда халықаралық төлемдерді стейблкоиндер арқылы жүргізу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!