Қазақстанда мұнай өнімдерін міндетті таңбалау 2027 жылы енгізілуі мүмкін
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда мұнай өнімдерін міндетті таңбалау енгізілсе, көлеңкелі айналымды бақылауға мүмкіндік артады. Бұл туралы 2026 жылғы 8 қазанда ОКҚ брифингінде Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вице-министрдің айтуынша, биыл мұнай өнімдерін молекулалық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылған. Технология жанармайға арнайы маркер қосуды көздейді. Оның бар-жоғын мобильді анализаторлардың көмегімен тексеруге болады.
Кейін журналистер пилоттық жоба арқылы қанша заңсыз жанармай анықталғанын сұрады.
"Көлеңкелі нарықты анықтаудың белгілі бір әдістемесі бар. Біз 17 тауар позициясын талдадық, оның ішінде жетеуі қазірдің өзінде міндетті таңбалауға жатады. Осы позициялар бойынша көлеңкелі нарықтың жалпы көлемі шамамен 8,7 трлн теңге деп бағаланады. Оның 3,2 трлн теңгесі немесе 37,3 пайызы мұнай өнімдеріне тиесілі", – деді Әсет Нүсіпов.
Оның айтуынша, пилоттық жобаны екі компания жүзеге асырып жатыр. Оның бірі – сингапурлық, екіншісі – швейцариялық компания.
"Әңгіме дәл молекулалық таңбалау туралы болып отыр, яғни арнайы белгіленген алаңда, ал бізде үш мұнай өңдеу зауыты бар, солардың бірінде таңбаланған молекулалық сұйықтықтың аз мөлшері алынып, жалпы көлемге, мысалы, цистернаға құйылады. Оның көмегімен әртүрлі кезеңдерде нақты бензиннің сұйылтылған-сұйылтылмағанын, қай жерде сатылғанын, қайдан келгенін анықтай аламыз. Пилоттық жоба іске асырылып жатыр, ол 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталды. Пилоттық жобаның нәтижесі сәтті болса, мұнай өнімдерін міндетті таңбалау туралы шешім қабылдаймыз. Менің ойымша, келесі жылы мұнай өнімдерін таңбалауды енгіземіз. Себебі біз қарастырған 17 тауар позициясының үштен бірінен астамын мұнай өнімдері құрайды", – деді Әсет Нүсіпов.
Сауда және интеграция министрлігі Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті директорының орынбасары Асет Өтеғалиев пилоттық жобаны алдымен субсидияланатын дизель отынынан бастауды жоспарлап отырғандарын айтты. Қазіргі уақытта концентраттың автокөлік механизмдері үшін қауіпсіздігі тексеріліп жатыр.
"Бензин белгілі бір концентратпен араластырылады. Оның автокөлікке зияны болуы мүмкін. Осыған байланысты қазір зертханалар арқылы толық әрі мұқият тексеру жүргізіп жатырмыз. Зертхана концентрацияның қауіпсіздігін растаса, бірден тәжірибе жүзінде қолдана бастаймыз", – деді ол.
Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері әзірге міндетті таңбалаудың болашақта жанармай бағасына қалай әсер ететіні туралы болжам жасамай отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 22 қараша 2026
Дженсен Хуанг кеткеннен кейін технологиялық алпауыттардың акциялары қатты құлдырап жатыр
-
17:29, 22 қараша 2026
«Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады». Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:54, 22 қараша 2026
Алматыда Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі
-
16:41, 22 қараша 2026
Полицейлер жолда қиын жағдайға тап болған Дағыстан азаматтарына көмектесті
-
15:54, 22 қараша 2026
Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті





