Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы жыл соңына дейін артады
© Фото: freepik
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 21 сәуірде Үкімет отырысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапа стандарттарын арттыру жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда 2030 жылға дейін инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатыр.
"Ағымдағы жылдың соңына дейін арнайы әлеуметтік қызметтердің сапа стандарттарын арттыру және инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр", – деді Ертаев.
Сонымен қатар, ол осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, көру қабілеті бұзылған азаматтардың баспа ақпараттарына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған Марракеш келісімі ратификацияланды.
"Жеке көмекші қызметтерін көрсету, инватакси қызметін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсыну мәселелері заңнамалық тұрғыда реттелді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету нормалары күшейтілді. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша электрондық дүкендер деректерін пайдалана отырып, оңалту құралдарының құнын өтеудің кепілдендірілген мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілді", – деп толықтырды министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 17 мың мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамту квотасымен қамтылатыны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:04, 21 сәуір 2026
БҚО-да заңсыз балық тасымалдаған күдіктілер анықталды
-
11:47, 21 сәуір 2026
Әділет үшін күрескен тұлға: Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
-
11:26, 21 сәуір 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
11:09, 21 сәуір 2026
2027 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жылына бір рет тапсырылады: себептері айтылды
-
10:51, 21 сәуір 2026
Қазақстанда кейбір азаматтар үшін тұрғын үйді қайта жоспарлау талаптары жеңілдетілді





