БҚО-да заңсыз балық тасымалдаған күдіктілер анықталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Батыс Қазақстан облысында "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында су биоресурстарының заңсыз айналымына қатысты бірнеше дерекке тосқауыл қойылды.
Бір тәулік ішінде Атырау — Орал автожолының әртүрлі учаскелерінде, сондай-ақ елді мекендер маңында полиция қызметкерлері үш көлік құралын тоқтатты.
Атап айтқанда, 374 шақырым Атырау — Орал автожолында, Чапаево ауылы маңында LADA LARGUS автокөлігін басқарған 1973 жылғы жүргізуші тоқтатылып, тиісті құжаттарсыз 273,5 кг балық (табан, сазан, шортан) тасымалдағаны анықталды.
Шағатай ауылы маңында ВАЗ-2110 автокөлігін басқарған жүргізуші тоқтатылып, тиісті құжаттарсыз шамамен 10 кг бекіре тұқымдас балық және 125 дана балық (табан, сазан) тасымалдағаны анықталды.
Сонымен қатар Атырау — Орал автожолының бір қиылысында "УАЗ" автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Көліктің салоны мен жүксалғышын тексеру барысында жалпы салмағы 28,5 кг балық және 28 кг-нан астам өзен шаяндары табылып, тәркіленді.
Анықталған барлық деректер бойынша заңсыз балық аулау және су биоресурстарының айналымына қатысты баптармен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта келтірілген залалдың мөлшері анықталуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:48, 21 сәуір 2026
Биыл Алматыда автотұрақ ережелерін бұзудың 15 мыңнан астам дерегі анықталды
-
13:34, 21 сәуір 2026
Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту–стратегиялық басымдық: Үкіметте инклюзивті саясат мәселелері қаралды
-
13:13, 21 сәуір 2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы
-
12:53, 21 сәуір 2026
Қарағандыда алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды
-
12:17, 21 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Монғолия президентін қарсы алды





