Қазақстанда кейбір азаматтар үшін тұрғын үйді қайта жоспарлау талаптары жеңілдетілді
© Фото: pexels
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов 2026 жылғы 21 сәуірде Үкімет отырысында халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді орта қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Вице-министр заңнама талаптарын жеңілдету шараларына тоқталды.
"Салалық нормативтік құжаттарда халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолайлы орта қалыптастыруға қосымша талаптар енгізілді. Атап айтқанда, қолжетімді жағдай жасау үшін тұрғын үйді қайта жоспарлау тәртібі жеңілдетілді (көршілердің келісімін алу талабы алынып тасталды), жобалық құжаттамада қолжетімділік бойынша жеке бөлім қарастырылды. Сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен салынатын тұрғын үйлерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген кемінде 5% пәтер қарастырылатын болады", – деді ол.
Үкімет тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын да қарастырған.
"Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде I және II топтағы мүгедектігі бар 63 мыңнан астам адам және мүмкіндігі шектеулі балалары бар шамамен 26 мың отбасы тұр. Олар баспана алуда басым құқыққа ие", – деді вице-министр.
Бұл бағытта бірқатар мемлекеттік қолдау тетіктері іске асырылуда:
- коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана беру;
- жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй несиелерін ұсыну;
- жеке сектордағы жалға алынған тұрғын үй ақысының бір бөлігін субсидиялау;
- ипотекалық қарыздар бойынша бастапқы жарнаны өтеуге арналған тұрғын үй сертификаттарын беру.
2025 жылдың қорытындысы бойынша 7,8 мың азамат жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде I және II топтағы мүгедектігі бар 1 036 адам және мүмкіндігі шектеулі балалары бар 469 отбасы бар.
Айта кетейік, 15 сәуірде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова екінші нарықтағы тұрғын үй ипотекасы бойынша жаңа мөлшерлемелер енгізу туралы түсіндірді. Өзгерістер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:12, 14 мамыр 2026
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
-
19:00, 14 мамыр 2026
Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумында не айтты
-
18:46, 14 мамыр 2026
Қазақстанда бір мезетте қар, -3°С суық және +35°С аптап ыстық күтіледі
-
18:34, 14 мамыр 2026
Алматыда өтіп жатқан Қазақстан кубогында грек-рим күресінен барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды
-
18:15, 14 мамыр 2026
Алматыда бір көшеде түнде қозғалыс шектеледі





