Қостанайда түнгі клубтағы төбелестен кейін қазақстандықтың көзі жартылай көрмей қалды
© Сурет: freepik
Қостанайда түнгі клубта болған төбелеске байланысты үш ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Оқиға салдарынан келушілердің бірі жартылай көру қабілетінен айырылған. Сот оларды денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және топ болып бұзақылық жасау баптары бойынша кінәлі деп таныды.
Белгілі болғандай, 2025 жылғы маусым айында сотталушы екі досымен бірге түнгі клубта алкогольдік ішімдік ішіп отырған. Би алаңында ол жәбірленушімен абайсызда соқтығысып қалған. Осыдан кейін болмашы себепті пайдаланып, қасақана әрекет еткен ол жәбірленушінің сол жақ көзі тұсына жұдырықпен қатты соққы жасаған. Соның салдарынан жәбірленуші жерге құлап, кейін сол көзінің көру қабілетін жоғалта бастаған, яғни оған ауыр дене жарақаты келтірілген.
Дегенмен, бұдан кейін ол өз әрекетін тоқтатпай, достарымен бірге сыртта 5 жәбірлеушіні соққыға жығып, би алаңында айқасып қалған жігітке жеңіл дене жарақатын келтірген.
"Сотта негізгі айыпталушы мен оның бір досы кінәларын ішінара мойындаса, екінші досы кінәсін толық мойындап, өздеріне қатаң жаза қолданбауды сұрады. Ал, негізгі жәбірленуші және оның өкілі, сондай-ақ тағы бір азамат қатаң жаза тағайындауды және азаматтық талаптарды қанағаттандыруды сұрады. Қалған жәбірленушілер жазаны соттың қарауына қалдырды",- делінген соттың ақпаратында.
Осылайша, сот сотталушылардың жеке басын, жасаған қылмыстарының ауырлығын, жәбірленушілерге келтірілген зиянды өтемеуін ескере отырып, қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті жаза тағайындады: Негізгі айыпталушы – 7 жыл бас бостандығынан айыру; Екі досы – әрқайсысына 3 жыл бас бостандығынан айыру. Жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 19 мамыр 2026
Атырауда 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді
-
22:45, 19 мамыр 2026
Семейлік мектеп оқушысы прокурорға сенім артып, өгей әкесінің зорлығынан құтылды
-
22:01, 19 мамыр 2026
Алматыда 2 мыңнан астам адамды кене шаққан
-
21:40, 19 мамыр 2026
Нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі
-
21:18, 19 мамыр 2026
Дзюдодан Эстониядағы European Open турнирінде ел намысын кімдер қорғайды





