Қырғызстан президенті Мұхтар Шаханов туралы: Оның өмірден өтуімен тұтас бір дәуір аяқталды
© Фото: akorda.kz
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров көрнекті қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы 2026 жылғы 20 сәуірде Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта:
"Қазақ халқының ұлы перзенті, Қырғызстанның халық ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Қырғызстандағы тұңғыш Төтенше және Өкілетті Елшісі, Шыңғыс Айтматовтың жақын досы Мұхтар Шахановтың дүниеден өткенін терең қайғымен қабылдадым", – делінген.
Садыр Жапаров Мұхтар Шахановтың тек қазақ халқы үшін ғана емес, қырғыз елі үшін де аса қадірлі тұлға болғанын атап өтті. Оның сөзінше, ақын қырғыз халқы үшін рухани тірек әрі ұстаз болды.
"Қырғыз жұртшылығы тағы бір асқақ тұлғасынан, тағы бір рухани тірегінен айырылып, ауыр қайғыны бастан кешіруде. Мұндай ұлы адамдар туралы "оның өмірден өтуімен тұтас бір дәуір аяқталды" деп айтылады. Расында да, Мұхтар-ағаның өмірден озуымен бүкіл түркі әлемі үшін бір дәуір аяқталды.
Ол қазақ халқының еркіндіксүйгіш, әділетшіл рухын бойына сіңіріп, кеңестік кезеңде де, кейінгі жылдары да ел тағдыры үшін күресті. Қуғын-сүргінге қарамастан, шындықты ашық айтып, батыл ұстанымынан айнымады. Желтоқсан оқиғасы бойынша да өз көзқарасын тайсалмай білдірді. Оның ақындық әрі азаматтық үні қазақ пен қырғыз халқына бірдей жақын болды", – делінген жеделхатта.
Сонымен қатар, Қырғызстан Президенті Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматов арасындағы достық қатынасты ерекше атап өтіп, бұл байланыс екі халық арасындағы бауырластықты нығайтуға зор үлес қосқанын айтты.
"Құрметті қазақ бауырлар! Осы ауыр сәтте барша қазақ халқына және ақынның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын", – деп түйіндеді Садыр Жапаров.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев та Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:35, 20 сәуір 2026
Мемлекет қазақстандық өндірушілермен 456 млрд теңгеге келісімшарт жасасты
-
16:27, 20 сәуір 2026
ШҚО-да полицейлер құжатсыз тасымалданған ірі көлемдегі ет өнімдерін анықтады
-
16:19, 20 сәуір 2026
Астана, Алматы, Шымкент: алдағы күндері ауа райы қандай болады
-
16:06, 20 сәуір 2026
20 сәуірдегі валюта бағамдары қалай өзгерді
-
15:53, 20 сәуір 2026
Алматыда арыққа құлаған ер адам қаза тапты





