Қазақстанда 58 мектеп лицензиясыз жұмыс істеп келген
© Фото: Zakon.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласында 2024 жылдың басынан бері 58 мектеп лицензиясыз жұмыс істеп келгенін мәлімдеді. Бұл бұзушылықтар білім беру саласындағы тексеріс барысында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда олардың 17-сі білім беру қызметін қойылатын талаптарға сәйкестендірді.
"Лицензиясыз қызмет жүргізген мектептерге қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша айыппұл салу туралы сот қаулылары шықты. Бұл білім беру ұйымдары негізінен Астана және Алматы қалаларында, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында орналасқан".ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Ернұр Дәуенов ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуы тиіс екенін атап өтті.
"Лицензияның болмауы мектептердің талаптарға сәйкестігі бойынша тексеруден өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырмағанын білдіреді. Білім беру ұйымдары білім беру қызметімен айналысуға лицензия алған сәттен бастап қана құқылы. Егер мектеп мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәртібімен жабылуға тиіс", — деп атап өтті комитет төрағасы.
Лицензия алуға қойылатын негізгі талаптар қамтиды:
- материалдық-техникалық базаны,
- білікті педагогикалық құрамның болу,
- санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормалардың сақталуы,
- білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды.
"Осы талаптарға сәйкес келмеу әкімшілік жаза қолдану мен қайталама бұзушылықтар болған жағдайда білім беру мекемесінің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады".ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Айта кетейік, мектептер бағыныстылығы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қарамағына жатады.
Өз кезегінде аумақтық департаменттер өңірлік әкімдіктер мен білім басқармаларының басшыларына бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ресми хат жолдады.
Тараздағы екінші "Жайлы мектеп" пайдалануға берілгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:05, 22 қараша 2024
СІМ: Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін
-
17:01, 22 қараша 2024
Қазақстандағы уақыт белдеуінің өзгеруі: eGov mobile-да қызықты сауалнама пайда болды
-
16:50, 22 қараша 2024
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
-
16:41, 22 қараша 2024
Астананың «мұз дәуірі»: желідегі ағайын бас қаланың көркін талқылауда
-
16:38, 22 қараша 2024
Қызылорда облысының прокурорлары заңсыз сот актілерінің күшін жойды