СІМ: Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың Украинадағы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің Украинадағы Елшілігіміз штаттық режимде жұмыс істеп келеді. Сыртқы істер министрлігінде әлемдегі жағдайға мониторинг жасайтын арнайы Ахуалдық орталық бар. Біздің мәліметімізге сәйкес Киевтегі шетелдік дипломатиялық корпус өз жұмысын жалғастыруда және азаматтарын эвакуациялап жатқан жоқ". Айбек Смадияров
Қазақстандықтардан да эвакуациялау бойынша өтініштер түскен жоқ және қазіргі уақытта арнайы ұшақтарды жіберу жоспарда жоқ.
"Өздеріңіз білетіндей, Украинада соғыстың жалғасып жатқанына екі жылдан асты. Кетемін деген азаматтар елден шығып кеткен. Бірақ біздің есебіміз бойынша Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Нақты санын айту қиынға соғады. Оған қарамастан, бірнеше күн бұрын біз Украинадағы қазақстандықтарға ел аумағынан кету туралы хабарлама жасадық. Қазақ дипломаттары өз жұмысын тиянақты атқарып келеді, егер отандастарымыздан өтініш түскен жағдайда оларға барлық қажет көмекті көрсетеміз. Дегенмен, жағдайдың одан әрі дамуына байланысты өз әрекетімізді жасаймыз".Айбек Смадияров
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма бергенін хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:17, 22 қараша 2024
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
-
21:56, 22 қараша 2024
«Барыс» Астанада «Амурға» есе жіберді
-
21:18, 22 қараша 2024
Павлодар облысында зорлық-зомбылыққа қатысты 30 деректің жартысын педагогтар анықтады
-
21:18, 22 қараша 2024
Павлодар облысында 30 зорлық-зомбылықтың жартысын педагогтер анықтады
-
20:41, 22 қараша 2024
Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады