Тобылда полицейлер инсульт алған 71 жастағы зейнеткерді құтқарды
© Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысы Тобыл қаласында полицейлер 71 жастағы инсульт алған әйелге дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдай туралы хабар жедел жәрдем фельдшерінен түскен. Ол бригаданың зейнеткердің пәтеріне кіре алмай жатқанын айтқан.
Учаскелік инспекторлар оқиға орнына жедел жетіп, жағдайды сараптай келе, екінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кіруге шешім қабылдады.
Пәтер есігі ашылғаннан кейін дәрігерлер науқасқа дереу көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді.
Зейнеткердің туысы полицейлердің жедел әрі кәсіби әрекеті үшін алғысын білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:32, 22 қараша 2024
Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
-
23:12, 21 қараша 2024
Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері өрттен бір адамды құтқарды
-
23:07, 21 қараша 2024
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
-
22:53, 21 қараша 2024
Астанада жолаушылар автобусының түгі қалмай жанып кетті
-
22:17, 21 қараша 2024
ТЖМ құтқарушылары жоғалған балықшыларды тапты