Қазақстанда медицина қызметкерлерін есепке алу тәртібі өзгерді
© Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығымен денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алу (кәсіби тіркелімді жүргізу) қағидаларын жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатпен:
- денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесінде (кәсіби тіркелімде) білім алушылар мен денсаулық сақтау саласындағы мамандарды есепке алу қағидалары бекітілді.
Сонымен қатар жаңа қосымша енгізілді:
- денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесін (кәсіби тіркелімді) қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету және киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары.
Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесі (кәсіби тіркелім) – денсаулық сақтау саласында білім алушылар мен мамандар, олардың қызметін бағалау, біліктілігі, кәсіби жауапкершілігі, еңбекақы деңгейі, үздіксіз кәсіби даму бағдарламаларына қатысуы, кадрлардың көші-қоны мен кетуі туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық платформа. Сондай-ақ онда денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына сәйкес бекітілген штат кестесі болады.
Осылайша, енді Кәсіби тіркелімде тек мамандар туралы ғана емес, денсаулық сақтау саласында білім алушылар туралы да мәліметтер қамтылады.
Кәсіби тіркелімде есеп жүргізудің мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын жоспарлау, қажеттілігін болжау, талдау және басқару үшін мәліметтердің толықтығын, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз ету.
Кәсіби тіркелімде:
- денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында білім алушылардың, білім беру бағдарламаларының, мамандықтар мен білім деңгейлерінің;
- білім алу траекториясы мен оқу нәтижелерінің; білім алушылар мәртебесінің өзгеруінің, оның ішінде оқуға қабылдау, ауысу, қайта қабылдау, академиялық демалысқа шығу, оқудан шығару және оқуын аяқтау туралы;
- түлектерді бөлу, жұмысқа орналасуы және оқуын қаржыландыру көздерін, тапсырыс беруші өңірді және білім беру бағдарламасын ескере отырып, міндетті еңбек өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындауының; денсаулық сақтау саласындағы мамандардың, олардың біліктілігінің, қызметін бағалаудың, кәсіби жауапкершілігінің және үздіксіз кәсіби дамуының, денсаулық сақтау субъектілері мен әкімшілік-аумақтық бірліктің көрсетілуімен;
- еңбек қызметінің, еңбекақы деңгейінің, кадрлардың көші-қоны мен кетуінің; бекітілген штат кестелері мен кадрларға қажеттіліктің; денсаулық сақтау саласындағы білім алушылар мен мамандар туралы кадр даярлау мен кадр ресурстарын болжау және стратегиялық жоспарлау үшін қажетті талдамалық ақпараттың есебі жүргізіледі.
Білім алушыларды есепке алуды денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары уәкілетті қызметкерлердің мәліметтерді енгізуі және цифрлық жүйелермен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырады.
Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді есепке алуды олармен еңбек қатынасында тұрған денсаулық сақтау субъектілері жүргізеді. Жеке медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысатын мамандар өздері туралы мәліметтерді өз бетінше енгізіп, жаңартады.
Кәсіби тіркелімге медицина қызметкерлері туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:
- тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жынысы, туған күні мен жері, азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, тұрғылықты және тіркелген жері, отбасылық жағдайы, байланыс ақпараты, жүргізуші куәлігінің болуы, әлеуметтік мәртебесі;
- білім деңгейі, білім беру ұйымы және оның орналасқан жері, мамандығы, біліктілігі және оқуын аяқтаған күні, білім туралы құжаттардың деректері, интернатурадан, резидентурадан, магистратурадан және докторантурадан өткені туралы мәліметтер;
қосымша және бейресми білім туралы мәліметтер;
- кәсіби қызметі туралы мәліметтер: жұмыс орны, медициналық қызмет көрсететін ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, медициналық ұйымдағы лауазымы, жалпы еңбек өтілі және мамандығы бойынша еңбек өтілі, жұмыспен қамту түрі (негізгі жұмыс орны, қоса атқару), жұмыс режимі (толық/толық емес жұмыс күні), жұмысқа орналасу, ауысу, лауазымдарды қоса атқару және еңбек қатынастарын тоқтату туралы мәліметтер; денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаттары туралы мәліметтер (бар болса), біліктілік санаты немесе біліктілік деңгейі көрсетіледі;
- сертификат алу және сертификаттау курстары бойынша мамандану аясында жүргізілген білім мен дағдыларды бағалау туралы мәліметтер;
- аттестаттау туралы деректер: негізі, күні, аттестаттауды өткізген ұйым, лауазымы, нәтижесі және растайтын құжаттың деректері;
- ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі: ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, педагогикалық лауазымы, жұмыс кезеңі, ғылыми жарияланымдары;
- әскери міндеттілігі мен әскери қызметі туралы мәліметтер;
- кәсіби жетістіктері, мемлекеттік және ведомстволық наградалары, тәртіптік жазалары туралы мәліметтер;
- жалақысы, көтермелеу және тәртіптік жазалары туралы мәліметтер;
- кәсіби қызметіне байланысты көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары;
- бейімделу және тәлімгерліктен өткені туралы мәліметтер;
- сараптамалық қызметі туралы мәліметтер;
- отандық және (немесе) шетелдік кәсіби қауымдастықтар мен кәсіподақтарға, байқау кеңесіне және (немесе) директорлар кеңесіне қатысуы туралы мәліметтер; расталған деңгейі көрсетіле отырып, шет тілдерін меңгеруі туралы мәліметтер.
Кәсіби тіркелімдегі деректер:
- денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын жоспарлау, болжау және талдау;
- кадр даярлау туралы деректерді талдау және білім алушының ЖСН-і, контингент саны, жынысы мен жасы, оқыту тілі, мамандығы, оқу курстары, оқу нысандары (бюджеттік, ақылы), оқудан шығарылғандар, түлектер, жұмысқа орналасу, оқу орнының атауы, аккредитациясының болуы, лицензиясының болуы, материалдық-техникалық жарақтандырылуы және штат саны, профессор-оқытушылар құрамын, штаттық немесе штаттан тыс мәртебесі, ғылыми дәрежесі, санаты (санаты жоқ, модератор, сарапшы, зерттеуші, шебер), оқытатын пәні көрсетілген оқытушылардың аты-жөні бойынша тізімі қамтылған есептерді қалыптастыру;
- статистикалық, талдамалық және басқарушылық есептілікті дайындау; медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және орналастыру;
- медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу және жұмысқа орналастыру, міндетті еңбек өтеу барысын талдау; медицина кадрларын даярлау көлемі мен бағыттарының өңірлердің кадрларға қажеттілігіне сәйкестігін талдау;
- түлектердің міндетті еңбек өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындауын талдау;
- Кәсіби тіркелімдегі мәліметтердің толық еместігін, дұрыс еместігін немесе уақтылы ұсынылмағанын анықтау;
- денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру және жетілдіру;
- маман сертификатының қолданылу мерзімі аяқталуына екі ай қалғанда маман мен денсаулық сақтау субъектісінің жауапты қызметкеріне хабарлама жіберу. Егер сертификат туралы мәлімет көрсетілген мерзімнен кейін енгізілсе, хабарлама мәлімет енгізілген кезде қалыптастырылады;
- заң талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында сертификатының мерзімі өтіп кеткен денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің есептік жазбасын бұғаттау; кадр құрамын, штат санын және бос жұмыс орындарын есепке алу;
- ғылыми зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылады.
Сонымен қатар Кәсіби тіркелімнің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары бекітілді.
Кәсіби тіркелімге қолжетімділік:
- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның, денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органдарының және Ұлттық үйлестірушінің қызметкерлеріне – олардың функциялары шегінде;
- денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау субъектілерінің есеп жүргізуге жауапты қызметкерлеріне – тиісті ұйым мен өзі есепке алатын адамдар туралы мәліметтер бойынша;
- жеке медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға – өзі туралы, ал қызметкерлері болған жағдайда олармен еңбек қатынасында тұрған адамдар туралы мәліметтер бойынша;
- білім алушылар мен мамандарға – өзі туралы мәліметтермен танысу және анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберу үшін;
- уәкілетті ұйым қызметкерлеріне – техникалық әкімшілендіру, сүйемелдеу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде, олардың әрекеттерін тіркей отырып беріледі.
Заңды тұлғаға қолжетімділік берген кезде оның БСН-і, жеке тұлғаға – ЖСН-і пайдаланылады.
Кәсіби тіркелімде мәліметтерді енгізу және жаңарту кезінде тарихи деректердің сақталуы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте өзгерістің күні, өзгертуге негіз болған құжат және өзгерісті енгізген пайдаланушы туралы мәліметтер сақталады.
Бұйрық 2026 жылғы 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 6 қазан 2026
386 дрифт фактісі және 11,9 млн жол ережесін бұзу: Қазақстан жолдарында не болып жатыр
-
16:49, 6 қазан 2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясында 321 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды: ІІМ шараларды күшейтеді
-
16:40, 6 қазан 2026
«Әзірге жүйелі тәсіл жоқ»: Мәдиев өңірлерді цифрландыру барысына баға берді
-
16:31, 6 қазан 2026
Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды
-
16:22, 6 қазан 2026
Кісі өлтіру 11%-ға азайды: ІІМ отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес нәтижесін жариялады





