Қазақстанда 20 маусымда арнаулы емтихандар басталады: талапкерлер нені білуі керек
© Фото: Национальный центр тестирования
Бүгін, 2026 жылғы 16 маусымда Ұлттық тестілеу орталығы "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салаларына түсушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арнаулы емтихандар 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жоғары оқу орындарында онлайн немесе офлайн форматта өткізіледі. Әрбір ЖОО емтихан тапсыру форматын және күнін өзі белгілейді.
"Арнаулы емтихан грант конкурсына қатысу үшін де, ақылы оқуға тапсыру үшін де міндетті емтихан болып есептеледі, яғни грант конкурсына қатысуға ниет білдірсеңіз, арнаулы емтиханды грант конкурсына құжат өткізгенге дейін тапсыру керек", – делінген хабарламада.
Арнаулы емтиханды кез-келген ЖОО-да тапсыруға болады. Емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. Нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.
Педагогикалық мамандыққа да, медициналық мамандыққа да тапсыруға ниетті талапкерлер арнаулы емтиханды педагогикалық бағыт бойынша да, медициналық бағыт бойынша да тапсыру керек.
Арнаулы емтиханды онлайн форматта өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі ҰТО телеграм-каналында жарияланған.
Қосымша сұрақ болған жағдайда ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:46, 16 маусым 2026
Қазақстан волейбол құрамасы AVC Ұлттар кубогына қатысады
-
19:30, 16 маусым 2026
Сәрсенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:16, 16 маусым 2026
Алматыда абаттандыру ережесін бұзған 21 мыңнан астам адам жазаланды
-
19:01, 16 маусым 2026
Павлодарлық блогердің сөмкесіндегі Power Bank жарылып кетті: видео
-
18:41, 16 маусым 2026
Алматыдағы криминогендік жағдай тұрақты - полиция





