Қазақстанда қызметтік пайдалануға арналған құжаттармен жұмыс өзгереді

15:12, 7 ақпан 2025

© Фото: pexels

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат "ақпарат" терминимен толықты – ақпарат иеленушілер жасаған немесе алған және олардың иелігіндегі, кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер.

Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу, пайдалану, сақтау, есепке алу және жою «жұқа клиент» үлгісіндегі шешімдер пайдаланылып, электрондық құжатты қоймадан жүктеп алу мүмкіндігінсіз және оған қол жеткізген (қарау, жіберу және басқа) барлық пайдаланушылар есепке алынып, БҚҚ қызметінің жұмыскерлері үшін «ҚБП» белгісі бар электрондық құжат (файл) тіркемелері басып шығару мүмкіндігімен мемлекеттік қызметшінің жұмыс компьютеріндегі шифрланған дискіде немесе бұлтты қоймада жүзеге асырылуы тиіс.

Жұмыс компьютеріндегі шифрланған диск таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеген кезде (құжатты жасаған, келіскен, қол қойған, тіркеген және қараған кезде) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар»

ҚР СТ 1073-2007 мемлекеттік стандарты бойынша қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен төмен болмайтын ақпаратты криптографиялық қорғаудың отандық құралдарын (бұдан әрі – АКҚҚ) пайдаланыла отырып қорғалады. Жұмыс компьютеріндегі шифрланған дискіде «ҚБП» белгісі бар электрондық құжат (файл) пайдаланушының жұмыс сессиясы аяқталғаннан кейін автоматты түрде жойылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, оның ведомстволарына, оның құрылымына кіретін ұйымдарға, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға және олармен үлестес заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Бұлтты қойма дерекқоры (дерекқор өрістері) немесе бұлтты қойма дерекқорында орналастырылған «ҚБП» белгісі бар электрондық құжаттар (файлдар) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар» ҚР СТ 1073-2007 мемлекеттік стандарты бойынша қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен төмен болмайтын ақпаратты криптографиялық қорғаудың отандық құралдарын пайдалана отырып қорғалуы тиіс.

«ҚБП» белгісі бар электрондық құжаттарды (файлдарды) пайдаланушылар есептеу техникасы құралдарынан (бұдан әрі – ЕТҚ) бұлтты қойма серверіне «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар» ҚР СТ 1073-2007 мемлекеттік стандарты бойынша қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен төмен болмайтын, сәйкестігі сертификатталған отандық АКҚҚ қолдану арқылы шифрланған түрде жүктеледі.

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, оның ведомстволарына, оның құрылымына кіретін ұйымдарға және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға, олармен үлестес заңды тұлғаларға:

  • «ҚБП» белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты вирусқа қарсы құралдардың болуын, физикалық және логикалық порттардың жай-күйін бақылауды қамтамасыз ете отырып, жергілікті желіге, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына (бұдан әрі – МО БКО) және Интернет желісіне қосылмаған ЕТҚ-да өңдеуге;
  • «ҚБП» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес электрондық құжаттарды сақтау қоймасынан жүктеп алу мен басып шығару және электрондық құжаттарды сақтау қоймасына жүктеу мүмкіндігі бар МО БКО-ға қосылған абоненттік пункт арқылы қабылдауға және жіберуге жол беріледі.

Жұмыс станциясында «ҚБП» белгісі бар электрондық құжаттармен жұмыс істеуге:

  • Интернетке қосылмаған;
  • МО БКЖ-ға қолжетімділік болған;
  • вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылым болған;
  • пайдаланушыда мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының (бұдан әрі – МОКО) тіркеу куәлігі бар токен болған;
  • дербес компьютерден алынбалы жеткізгіштерге және кері электрондық құжаттарды жүктеуге тыйым салынған жағдайларда рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес құпия емес құжаттармен жұмыс істеу тәртібі бойынша нақтылау енгізілді.

Құжат 20 ақпанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!