Қазақстанда күн күрт жылынады: кей өңірлерде +30°С-қа дейін жетеді

14:58, 27 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 28, 29 және 30 наурызға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде +30°С-қа дейін жылу, жаңбыр мен найзағай, екпінді жел, кей жерлерде шаңды дауыл мен тұман күтіледі.

Болжам бойынша, күндізгі ауа температурасы:

  • батыста – +18…+27°С,
  • солтүстікте – +10…+17°С,
  • орталықта – +15…+25°С,
  • шығыста – +12…+20°С,
  • оңтүстікте – +23…+30°С,
  • оңтүстік-батыста – +13…+20°С дейін төмендейді.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, нағыз көктемгі жылы ауа райы қалыптасады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Астанада -4°С-қа дейін суық болатынын, Алматыда күрт жылыну байқалатынын, ал Шымкентте жазға жақын ауа райы орнайтынын хабарлаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!