Zakon.kz журналисі Оксана Даирова жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды
© Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 16 наурыздағы Президент Жарлығымен Zakon.kz журналисі Оксана Даирова жоғары мемлекеттік награда – "Құрмет" орденімен марапатталды.
Марапатты премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.
"Шынымды айтсам, күтпеген сый болды. Мен өз жұмысымды аса жауапкершілікпен істеймін, шынайы оқиғаларды жеткізіп, әр жаңалық арқылы адамдарға маңызды ақпарат беруге тырысамын. Осылай еңбегімді бағалап, назар аударған әрбір адам жүрегімді тебірентеді. Бұл мені одан әрі шабыттандырып, жаңа жетістіктерге жетелейді және әлі де сапалы әрі маңызды материалдар жасауға ынталандырады. Бұл марапат тек менің ғана емес, менімен бірге еңбек ететін әріптестерімнің де, әр оқиғаның артында тұрған адамдардың да жетістігі." Оксана Даирова
"Құрмет" ордені – Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы. Ол елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін және білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі. Бұл награда құрмет пен абыройдың белгісі саналады.
2026 жылдың 17 наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:35, 27 наурыз 2026
Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі күйінде табылды
-
17:21, 27 наурыз 2026
Дәрігерлер Қазақстандағы онкологиялық аурулар бойынша алаңдатарлық статистиканы жариялады
-
17:06, 27 наурыз 2026
Қазақстандықтар Ресейде жаппай төбелеске қатысқан: СІМ мән-жайды түсіндірді
-
16:52, 27 наурыз 2026
Алматыға көктем келді: ауа температурасы +27°С-қа дейін көтеріледі
-
16:37, 27 наурыз 2026
Алматыда Сәтбаев көшесін кешенді көркейту жұмыстары басталады





