Еңбек министрі қолданыстағы зейнетақы жүйесіндегі тәуекелдер туралы айтып берді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 26 наурызда Сенаттағы дөңгелек үстелде Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі қазіргі тәуекелдер туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі жағдай жаңадан зейнетке шығатын және болашақ зейнеткерлер үшін жоғалған табысты алмастыру коэффициенті бойынша тәуекелдерді сақтап отыр.
"Егер бүгінгі таңда 2,5 млн зейнеткердің 80%-ы бойынша табысты алмастырудың орташа коэффициенті 44%-ды құраса – бұған ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақылар кіреді, – ал жинақтаушы зейнетақы алмайтындар үшін, яғни БЖЗҚ-дан төлем алмайтындарда, табысты алмастырудың орташа коэффициенті 36%-ды құрайды. Яғни бұл жерде тек ынтымақты және базалық зейнетақы ғана бар, бұл Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған 40% деңгейден төмен", – деді Ертаев.
Ол елде қазіргі уақытта шамамен 900 мың жас буын зейнеткері бар екенін атап өтті.
"Олардың толық еңбек өтілі жоқ – бұл 1998 жылға дейін әйелдер үшін 20 жыл, ерлер үшін 25 жыл, немесе зейнетақы аннуитетін сатып алуға жеткілікті жинақтары жоқ. Бүгінде зейнетақы аннуитеті үшін әйелдерге 14 млн теңге жинау қажет. Ерлер үшін – 10 млн 700 мың теңге жинау керек. Сонымен қатар, әр түрлі кезеңде зейнетке шыққан адамдар арасында, сондай-ақ қалада және ауылда тұрған зейнеткерлер арасында зейнетақы мөлшерінде айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, ауылда тұратындар қалада тұратындармен салыстырғанда шамамен 5,5%-ға төмен алады", – деп қосты министр.
Бұған дейін Қазақстанда алимент төлеушілердің нақты кірістері анықталатынын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:29, 26 наурыз 2026
Тоқаев ТМД техникалық регламенттерін бақылау хаттамасын ратификациялады
-
19:11, 26 наурыз 2026
«Қазақтелекомнан» келген қоңыраудан кейін қазақстандық 5 миллион теңгесінен айырылды
-
18:53, 26 наурыз 2026
Павлодарда полициядан қашуға әрекеттенген жүргізуші ұсталды
-
18:35, 26 наурыз 2026
Шарын ұлттық табиғи паркі туристерге төніп тұрған қауіп туралы ескертті
-
18:20, 26 наурыз 2026
Өтемақы болмайды: Еңбек министрлігі Конституция күнінің ауысуына қатысты пікір білдірді





