Өтемақы болмайды: Еңбек министрлігі Конституция күнінің ауысуына қатысты пікір білдірді

18:20, 26 наурыз 2026

© Фото: pexels

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 26 наурызда Сенат кулуарында жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты тамыз айында қазақстандықтардың қалай демалатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер биылдан бастап 30 тамыз демалыс күні болмайтынын атап өтіп, бұл күн үшін қазақстандықтарға өтемақы төлене ме деген сұрақ қойды.

"Жоқ, бізде жаңа Конституция 15 наурызда қабылданды. Енді осы күн Конституция күні болады. Ал мерекені келесі жылдан бастап 15 наурызда атап өтеміз. Яғни биыл қазақстандықтар бір күнге аз демалады", – деді Асқарбек Ертаев.

Айта кетейік, 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда қабылданған ҚР Конституциясы мемлекеттік мереке – Конституция күні болып белгіленеді. Алайда Конституцияның өзі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап 1995 жылғы Конституцияның күші жойылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!