Қазақстанда күн күрт суытып, ауа температурасы +12°С-қа дейін төмендейді

12:54, 26 тамыз 2026
MKZ: 1563484

© Фото: pexels

Синоптиктер 2026 жылғы 27, 28 және 29 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райын қалыптастырады.

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кейбір аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін", – делінген болжамда.

Ал Қазақстанның батысында Скандинавия антициклонының ықпалымен бұлт аз болады. Антициклон шығысқа қарай жылжыған сайын жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады.

Синоптиктердің болжамынша, күндіз бірқатар өңірде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

  • батыста – +16...+24°С-қа дейін; солтүстікте – +12...+20°С-қа дейін; орталықта – +17...+25°С-қа дейін.
  • Ал еліміздің шығысында, керісінше, күн жылынып, ауа температурасы +23...+30°С-қа дейін көтеріледі.
"Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жылы ауа массасының ықпалында қалады. Бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы +30...+37°С шамасында болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бұған дейін "Қазгидромет" мамандары Қазақстан үшін қазіргі уақытта қандай климаттық қауіптер өзекті екенін және оларға еліміздің қай өңірлері көбірек ұшырайтынын айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!