Қазақстанда көлік ағынын интеллектуалды басқару жүйесі енгізіледі
© Фото: Zakon.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында бірыңғай цифрлық көлік жүйесін құруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, урбанизацияның жеделдеуі көлік инфрақұрылымына түсетін жүктемені арттырып отыр.
"Көлік министрлігіне ұлттық ауқымдағы бірыңғай цифрлық көлік жүйесін құру қажет. Бұл жүйе көлік активтерін толық есепке алуды қамтамасыз етіп, қозғалысты нақты уақыт режимінде басқаруға, жүктемені болжауға және ықтимал тәуекелдерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Ірі қалаларда жекелеген жол кептелістеріне әрекет етуден көлік қозғалысын жүйелі басқаруға көшу керек", – деді Бектенов.
Ол мұның азаматтардың жүріп-тұру мүмкіндігіне, қауіпсіздігіне және қала ортасының сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.
"Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, екі ай ішінде ірі қалалардағы көлік ең көп жүретін учаскелерді анықтап, сол жерлерде көлік ағынын интеллектуалды басқару жүйесін пилоттық режимде іске қосуы қажет. Нәтижесі бойынша ең тиімді шешімдерді кеңінен енгізуді қамтамасыз ету керек", – деп қосты Премьер-министр.
Бұған дейін Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірыңғай ұлттық цифрлық экожүйе әзірлеуді тапсырған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 6 қазан 2026
386 дрифт фактісі және 11,9 млн жол ережесін бұзу: Қазақстан жолдарында не болып жатыр
-
16:49, 6 қазан 2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясында 321 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды: ІІМ шараларды күшейтеді
-
16:40, 6 қазан 2026
«Әзірге жүйелі тәсіл жоқ»: Мәдиев өңірлерді цифрландыру барысына баға берді
-
16:31, 6 қазан 2026
Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды
-
16:22, 6 қазан 2026
Кісі өлтіру 11%-ға азайды: ІІМ отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес нәтижесін жариялады





