Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды
© Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Конституцияға сәйкестендіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңға қол қойды.
Түзетулер әкімшілік-аумақтық бірліктер қайта құрылған кезде сайлау комиссияларының өкілеттіктерін сақтау және беру мәселелерін реттеуді көздейді. Сондай-ақ бала күтімі бойынша демалысқа немесе оқу демалысына шыққан кезеңде аумақтық комиссия мүшелерінің өкілеттіктерін уақытша тоқтату және олардың орнына уақытша адам тағайындау тетігі енгізіледі.
Бұдан бөлек, әкім лауазымына кандидаттар жинаған дауыстар саны тең болған жағдайда қайта дауыс беру тәртібі реттеледі. Сонымен қатар кандидаттарды ұсыну процесі де жүйеленеді: бір адам бір мезгілде мәслихат депутаты мен әкімдікке кандидат бола алмайды, сондай-ақ бірнеше сайлау округі бойынша бір уақытта әкімдікке кандидат ретінде ұсыныла алмайды.
Ақпараттық алаңдардағы сайлауалды үгіт мәселелеріне де ерекше назар аударылған. Кандидат өзіне тиесілі интернет-ресурста, сондай-ақ онлайн-платформалардағы аккаунттарында үгіт материалдарын жариялай алады. Бұл ретте кандидаттар мен саяси партияларға сайлау қорларынан тыс қаржыландыру тартуға тыйым салынады.
Сондай-ақ дауыс беру, дауыстарды санау немесе сайлау қорытындыларын анықтау барысында Конституциялық заң талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының жекелеген сайлау учаскелерінде немесе әкімшілік-аумақтық бірліктерде сайлауды жарамсыз деп тану жөніндегі құзыреті толықтырылды.
Бұдан басқа, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында үздіксіз өндірістік циклі бар ұйымдарда, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін орындарда сайлау учаскелерін құруға мүмкіндік беріледі.
Сонымен қатар дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді фотоға немесе видеоға түсіруге және оны таратуға тыйым салу ұсынылады, өйткені бұл сайлауалды үгіт жүргізумен теңестіріледі.
Түзетулердің тағы бір бөлігі конституциялық нормаларды іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, Құрылтайды құру мәселелері, пропорционалды жүйеге көшуге байланысты сайлау заңнамасын жетілдіру, жекелеген лауазымды тұлғаларды тағайындау және қызметтен босату мәселелері бойынша Президент пен Құрылтай арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, жалпыхалықтық референдум өткізу және басқа да бағыттар қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:33, 11 маусым 2026
Жамбыл облысына дронның құлауы: Қорғаныс министрлігі алдын ала себепті атады
-
14:19, 11 маусым 2026
БҚО делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
-
14:07, 11 маусым 2026
Рақымшылық зорлықшыларға қолданылмайды – Сенат заңды мақұлдады
-
13:53, 11 маусым 2026
Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған сәбидің ата-анасы табылмай жатыр - бүлдіршін ауыр хәлде
-
13:38, 11 маусым 2026
Қазақстанда киік етіне сұраныс жоқ – Ауыл шаруашылығы министрлігі





