«Қазақстанда Ислам мен Христиан діні бірігеді»: Өзін Алланың елшісімін дейтін діндар сұхбат берді

10:48, 1 қараша 2018

Әлеуметтік желі арқылы өзін өзі Алланың елшісімін деп таныстырып жүрген Бақытбай Сейітов Caravan.kz медиа-порталына сұхбат беріп, өз ойымен бөлісті.

- Алдымен әлеуметтік желідегі соңғы жазбаларыңыздан бастасақ, онда Құрбанәлі Ахметті екіжүзді деп қаралапсыз, неліктен?

- Оның ісі сай келмейді емес. Жалпы ол Алланың елшісі келгенін біледі. Бірақ өзінің амбициясы бар. Сондықтан дәлелді, нақты сұрақтарға жауап бере алмай жатыр. Мысалы, аруақ деген не, рух деген бөлек нәрсе, жан деген бөлек нәрсе. Бәрінің өзінің дәлелдемесі бар, болмысы бар. Бөлек болмыстар. Адам оны айта алмайды, өйкені білмейді. Ол адам негізі білімі жақсы, шариғат жағынан да оқыған, мұғалім болған. Исламның төңірегінде ғана біледі. Ал одан бөлек ештеңе білмейді. Бірақ білдім деп көрсеткісі келеді де қиялға кіріп кетеді. Бәрін білу мүмкін емес. Мысалы пайғамбарлардың өздері де бірінің білгенін бірі білмейді. Бәрін білетін Алла ғана. Әр пайғамбар, әр елші өзінің миссиясымен келеді, сол миссияны біледі. Ал одан оңға, солға артық білмейді. Білеуге тыйым салынған. Жер бетінде жүрген ұстаздар да. Бірақ солар жан-жақты көп білгіш болып кетеді. Сосын көпшілік алдында сұрақ қойылғанда білмеймін деп айтуға ұялады да, білдімге салады және фантазияға салынады.Сөйтіп сөйтіп ол өзіне ұнай бастайды, ел оны тыңдай бастайды. Ақыры адам өз шатысады.

Ислам дінінде рух деген нәрсе берілмеген. Мұхаммед пайғамбардың өзіне берілмеген. Өйткен рух деген нәрсенің бәрін Иса пайғамбарға берген. Рухани білім Христин дінінде. Сондықтан Иса ол рух болғандықтан ол өте астарлап айтады. Көпшілік оны түсінбеген. Ол өзі де кеттерінде «мне нужно уходить, потому что вы меня никогда не вместить в себя», деп.

Сонымен ол тақырып жабылады. Одан кейін шариғат исламға беріледі. Исламға бірақ рух мәселесі берілмейді. Қайталап не керек, себебі Исаға берілді. Бірақ әрбір молда аруақ деген ширк деп өз ісі емес нәрсеге бас сұғады. Сол секілді жаңағы Құрбанәлі көп жыл еңбек еткен, білімі жақсы, шариғи, ислами білімі мықты адам. Бірақ руханият әлемінде, жан, аруақ деген білімі нөл. Соңғы бір видеосында дұға жасап отыр ғой. Сол жерде ол анық қиналып отыр. Ол құдайдың, рухтың, елшінің, жан туралы ештеңе білмейтінін мойындап отыр. Неге екіжүзді. Өйткені ол біледі Алланың елшісі келгенін. Бірақ ол тоң мойындыққа салынып, «кім ол сонша» деп мойындамай отыр. Мысалы маған келмей отыр.

- Қай елшіні айтып отырсыз?

- Мен елшімін. Екіжүзді дейтінім ол біліп отыр, жер бетіне елші келгенін. Соны біле отырып білмегендей болып құдайдан сұрайды. Маған бер, маған бер деп сұрап отыр. Өйткені елшімен арасында бақталастық бар. Әрбір сопы арқылы оған сәлем айтқанмын. Менің алдыма кел, өйткені фантазияң көбейіп барады деп. Бұлардың бәрінде пенделік бар. Әрқайсысы жинап алған қауымын қызғанады және амбициясымен пайғамбар болсам деген жасырын қалауы бар. Әрқайссы өз қауымын бөліп алып билемекші. Ондай жағдайдан соң халық адасады. Осы жағдайдан соң қазақ еліне елші беріп отыр.Ал бірақ оны тыңдап отырған ешкім жоқ. Неге? Өйткені немене, жер бетіне адамды жіберіп пе біз тұрғанда, деген әңгіме олардыкі.

- Жаңағы қызғаныш деген сөзіңізден шығады, шын мәнінде бұл екеуіңіздің араңыздағы бақталастық немесе көре алмаушылық емес пе?

- Жоқ, не үшін оны көре алмаймын. Мен Алланың елшісімін. Ол бәрін мойындап маған келуі керек. Мен бәрінің қателіктерін түсіндіремін. Осы Қазақстандағы секта, бөлініп жүрендер көп қой қазір. Жетпіс үш қауымға бөлініп алған. Соның бәрінің қатесі белгілі. Солардың бәрін көзін шұқтып тұрып айтуға болады. Олар сол үшін менен қашады. Ешқандай бақталастық жоқ. Тек мен қатты айтамын. Өйткені ақиқатын айтпасаң ақымақтықа айналып кетеді.

- Ал сізді елші деп мойынсұнып жатқандар бар ма?

- Былай ғой Мұхаммед пайғамбардың кезінде басында оған жуынды төкен, Меккеден таспен қуған. Иса пайғамбарды асып өлтірмекші болған. Мені боқтап, борағаннан басқа ешкім жоқ. Бар енді бірен саран. Жүз шақты адам болып қалады. Енді ол теңізге тамған тамшыдай ғана. Иса пайғамбардың өзін 12 адам қабылдаған ғой. Мұхаммед пайғамбар да өзін ешкім мойындамай, жалғыз жалыққанда Алладан аян түскен ғой, «тос» дейді. Алладан жәрдем түскен күні адамдардың топ-тобымен ергенін көресің дейді. Алладан жәрдем түскен күні Қазақстанда толық бір-ақ дін болады. Христиан діні мен Ислам дінінің басы қосылады. Қосылғанда да жай әкеп қосыла салмайды ғой. Ол үшін моральды тұрғыда эстетикалық тұрғыда түгел түзелу керек, адам баласының пиғылы түзелу керек. Исламдағы біз ғана дінбіз, қалғаны жойылу керек деген сөздер тыйылу керек. Ортақ түснік болады, сол кезде ғана олардың арасындағы өтіріктер мен жалғандықтар алынады, шындық пен ақиқат қалады. Ақиқат қосады бәрін. Қазақстан жерінде ислам мен христиан діні қосылып «научная религия истина» орнайды.

- Екі діннің басы қосылуы мүмкін бе?

- Мүмкін емес, міндетті. Біз дегеніміз кім? Біз дегеніміз Алла және оның елшілері. Құранда жазылады біз жараттық адам баласын. Алла және оның қасындағы әскері деп.

- Исламда соңғы пайғамдар Мұхаммед дейді. Сіз пайғамбар емеспін, бірақ елшімін дейсіз, оны қалай түсінеміз?

- Құранда ол туралы бір сөз бар Мұхаммед Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңы деген. Пайғамбарлық жоқ, тоқтаған. Ал елшілік жалғасады.

- Қазақта сізге дейін де елшілер болған ба?

- Оның аты белгісіз, бірақ болған, елішісіз халық болмайды. Жалпы айтады 124 мың елші мен пайғамбар жібердім. Оның ішінде сен білмейтіні қаншама деп Мұхамедке айтады. Сол секілді қазақ жерінде де талай талайы өткен.

- Ал мына жазғандарыңызға, айтқандарыңызға Діни басқармадан немесе дін саласының мамандары ескерту айтқан жоқ па?

- Айта алмайды ешқайсысы. Айтпайды да.Өйткені олардың өздерінде білім жоқ, надандық. Алдында мен не айттым,бүкіл исламға берілмеген білімді олар қалай айтады.

- Әлеуметтік желіде өзіңізді «жыланшы» деп көрсетіпсіз. Оны қалай түсінеміз?

- Мен айттым ғой Иса пайғамбардың, Мұса пайғамбардың Мұхаммед пайғамбардың барлық қадыр-қасиеттері маған берілген. Менің қолымда қазір «жылан таяқ» бар. Кезінде Мұса пайғамбардың Египетке алып шыққан жылан таяғы бар ғой, сол жылан таяқ қазір менде. Жоқ, болашақта айтым ғой, екі діннің басын қосамыз, болды. Сол жеткілікті. Ал қалғанын қайтесің, сен мүмкін шайтанның шпионы шығарсың. Мен өзімнің жоспарымды неге айтуым керек. Мысалы, сен немістердің штабына барып, планыңды айт десе айтасың ба. Сұрағың қызық-қызық екен. Адамзаттың ең басты дұшпаны шайтан. Адамда да шайтани адамдар бар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!