Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі
© Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен ұлғая беретінін айтты.
"Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар мемлекет басшысы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға ерекше мән берілетінін жеткізді. Осы бағытта жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту қажет.
"Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді", – деді президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:33, 28 қазан 2026
Тоқаев дәрігерлердің жалақысын көтеруді тапсырды
-
13:28, 28 қазан 2026
Президент уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру туралы ұсынысты қарауды тапсырды
-
13:24, 28 қазан 2026
Тоқаев: «Балқаш» АЭС-інің құрылысын келесі жылы бастаған жөн деп санаймын
-
13:21, 28 қазан 2026
Тоқаев 2029 жылға дейін электр энергиясының артығымен өндірілуін қамтамасыз етуді тапсырды
-
13:18, 28 қазан 2026
Президент су тұтынуды бақылауды күшейтуді тапсырды





