Қазақстанда ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге дейін көтеріледі

12:21, 28 қазан 2026
MKZ: 1574740

© Фото: Zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 100 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен ұлғая беретінін айтты.

"Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға ерекше мән берілетінін жеткізді. Осы бағытта жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту қажет.


"Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді", – деді президент.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!