Жаппай жүргізілген тексерістен кейін елден 27 шетел азаматы шығарылды

12:52, 25 қазан 2026
MKZ: 1574274

© Сурет: polisia.kz

Астанада полицейлер 2300-ден астам құқық бұзушылықты анықтап, елден 27 шетелдікті шығарды. Елорда полиция департаменті "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы іс-шара барысында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда патрульдеуді күшейтіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасына, олардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге баса назар аударды.

Нәтижесінде 2 300-ден астам құқық бұзушылық анықталып, 27 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Полиция тұрғындар мен қала қонақтарын заң талаптарын сақтауға шақырады.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп өткізген арнайы іс-шара барысында Ауғанстаннан "Солтүстік бағдар" деп аталатын бағыт арқылы есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының жолын кескені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!