Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» футбол клубының бас бапкері қызметінен қуылды

09:28, 25 қазан 2026
MKZ: 1574260

© Фото: zakon.kz

"Бернли" футбол клубының бас бапкері, бельгиялық Ники Хэйен қызметінен қуылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ники Хэйеннің отставкаға кеткені туралы ақпарат ағылшын футбол клубының ресми сайтында жарияланды. Бұл жайсыз хабар бүгін түнде "Бернли" сырт алаңда "Линкольмен" ойнап, 1:4 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін белгілі болды. 12 матчтан кейін команда небәрі сегіз ұпай жинап, турнирлік кестенің 22-сатысына дейін құлдилады.

"Бернли" футбол клубы бас бапкер Ники Хэйенді қызметінен босатты. Бұл шешім шұғыл күшіне енді. Директорлар кеңесі команда Чемпионшипті сәтсіз бастағандықтан осындай шешім қабылдады", делінген ресми сайтта жарияланған ақпаратта.

Айта кетсек, Дастан Сәтпаев "Челси" клубы атынан "Бернли" сапында жалға алу құқығы бойынша өнер көрсетуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!