Қазақстандық спортшы шаңғымен трамплиннен секіруден тарихи жетістікке қол жеткізді
© Сурет: t.me/olympickz
Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Данил Васильев жазғы Гран-придің жалпы есебінде үшінші орынға жайғасты. Бұл - аталған спорт түрі үшін тарихи жетістік, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыстың қорытынды кезеңі Клингентальда (Германия) өтті. Маусым қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 201 ұпай жинап, жарыстың үздік үштігінде тұрақтады.
Жалпы есептің жеңімпазы 450 ұпай жинаған жапониялық Наоки Накамура атанды. Екінші орынды австриялық Даниэль Чофениг (216 ұпай) иеленді. Төртінші болып швейцариялық Грегор Дешванден (196 ұпай) мәреге жетті.
Васильевтің жазғы Гран-придің жалпы есебінде үшінші орын алуы – Қазақстан үшін шаңғымен трамплиннен секіру спортындағы тарихи жетістік.
Бұған дейін қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайтыны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:20, 25 қазан 2026
Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз
-
09:58, 25 қазан 2026
Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты
-
09:28, 25 қазан 2026
Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» футбол клубының бас бапкері қызметінен қуылды
-
09:12, 25 қазан 2026
Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін
-
09:06, 25 қазан 2026
Бүгін еліміз Республика күнін тойлауда





