Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
© Фото: senate.parlam.kz
Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 28 мамырда Қазақстанда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келісімге сәйкес, орталық өңір елдеріне экономикалық, әлеуметтік және экологиялық бағыттарда тұрақты дамуға қол жеткізуге қолдау көрсетеді.
"Осы мақсатқа жету үшін орталық кешенді іс-қимыл жоспарын әзірлейді, өңірлік жобалар мен бағдарламаларды іске асырады, сондай-ақ БҰҰ құрылымдары, өңірлік ұйымдар, халықаралық қаржы институттары, жеке сектор және азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастық пен үйлестіруді нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдерге арналған 2024–2034 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыруға үлес қосады", – делінген құжаттың қорытындысында.
Құжатқа сәйкес, орталық ұйымдастыратын іс-шараларға қатысатын БҰҰ мүше мемлекеттерінің өкілдері өз қызметін атқару кезінде БҰҰ артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға сай жеңілдіктерге ие болады.
Сондай-ақ, Қазақстанның орталық және жергілікті атқарушы органдары орталық қызметкерлерінің жұбайларына жұмысқа рұқсат беру, сондай-ақ визалар мен тұруға ықтиярхаттарды жедел рәсімдеу тәртібін қамтамасыз етеді.
Үкімет пен БҰҰ орталыққа қатысты қосымша әкімшілік және қаржылық келісімдер жасай алады.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен БҰҰ арасында аталған өңірлік орталыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандум да ратификацияланды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан БҰҰ форумында тұрақты қалаларды дамытуға қатысты өз ұстанымын таныстырған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:28, 28 мамыр 2026
Шенеуніктерді есірткіге тексеру қашан басталады: агенттік түсінік берді
-
13:15, 28 мамыр 2026
Мәжіліс телекоммуникация және дата-орталықтар туралы заң жобасын мақұлдады
-
13:09, 28 мамыр 2026
Атыраудағы қанды қылмыс: күдікті мен туыстарына қатысты жаңа деректер айтылды
-
12:55, 28 мамыр 2026
ҰҚК батыс Қазақстанда құлаған дрондар туралы пікір білдірді
-
12:46, 28 мамыр 2026
Қазақстан мен Ресей президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді





