Мәжіліс телекоммуникация және дата-орталықтар туралы заң жобасын мақұлдады
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 28 мамырда телекоммуникация нарығы мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Заң жобасының қорытындысында Қазақстан Республикасының 2 кодексі мен 13 заңын қоса алғанда, 15 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отырғаны көрсетілген.
Аталған заң жобасы 2026 жылғы 21 мамырда бірінші оқылымда мақұлданған.
Заң жобасын жұмыс тобы қарау барысында депутаттар бірқатар түзетулер енгізді, соның ішінде:
- мемлекеттік қолдауға жататын өнеркәсіптік кластерлер институтын енгізу;
- жоғары қосылған құны бар өнім өндірудің басым бағыттарының тізбесін кеңейту;
- қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін реттеу;
- жекелеген нормаларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
- салаларды құқықтық реттеуді жүйелеу және олардың негізгі қағидаттары мен мақсаттарын бекіту.
Сондай-ақ, заң жобасының атауы Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" заңының 26-бабы 5-тармағына сәйкес келтірілді. Бұдан бөлек, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру, заң техникасын жетілдіру және жекелеген нормаларды нақтылау бойынша түзетулер енгізілді. Қорытынды салыстырмалы кесте 237 тармақтан тұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары цифрландыру, дербес деректерді қорғау және көлік саласын реттеу мәселелері бойынша заң жобасын екінші оқылымда қабылдаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:53, 28 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды
-
13:35, 28 мамыр 2026
«Қазцинк» зауытындағы жарылыстың себептерін ғалымдар зерттейді
-
13:28, 28 мамыр 2026
Шенеуніктерді есірткіге тексеру қашан басталады: агенттік түсінік берді
-
13:09, 28 мамыр 2026
Атыраудағы қанды қылмыс: күдікті мен туыстарына қатысты жаңа деректер айтылды
-
12:55, 28 мамыр 2026
ҰҚК батыс Қазақстанда құлаған дрондар туралы пікір білдірді





