Қазақстандық жас теннисші мансабындағы екінші ITF Juniors титулын жеңіп алды
© Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан Испанияда мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors (J60 Les Franqueses del Vallès) халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен додада отандасымыз жоғары шеберлік танытты.Жарыстың 5-ракеткасы болып бағаланған 16 жасар теннисшіміз турнир кестесінде сенімді өнер көрсетті.
Ол кортта өзінен жасы үлкен әрі тәжірибелі қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Ал шешуші бәсекеде Томирис Нұржанға турнирдің 6-ракеткасы, корт қожайыны испаниялық Лилиана Четри Родригес қарсы тұрды.
Алғашқы сетте есе жібергенімен, Томирис ойын ағымын өз пайдасына бұра білді және үш партияға созылған тартысты кездесуде жігерлі жеңіске жетті. Финалдық матчтың қорытынды есебі: 4:6, 7:6, 6:2
Бұл табыс Томирис Нұржанның биылғы маусымдағы және мансабындағы ITF Juniors сериясы бойынша екінші жүлдесі. Еске сала кетейік, ол өзінің алғашқы трофейін сәуір айының басында Алжирде өткен дәл осындай J60 санатындағы турнирде еншілеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 23 шілде 2026
Александра Ле нысана көздеуден Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа бір қадам жетпей қалды
-
21:41, 23 шілде 2026
Азиада-2026: волейболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды
-
21:15, 23 шілде 2026
Александр Бублик Кицбюэльдегі ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты
-
20:43, 23 шілде 2026
Қазақстан волейболдан Орталық Азия кубогында екінші матчын өткізді
-
18:12, 23 шілде 2026
Қазақстан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында алтын және қола медаль жеңіп алды





