Атыраудағы қанды қылмыс: күдікті мен туыстарына қатысты жаңа деректер айтылды
© Сурет: Zakon.kz/Динара Канбетова
Атырауда Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі жалғасуда. Ол бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталуда. Сот отырысында шок тудыратын деректер айтылды: іс материалдарына сәйкес, қаза тапқандар бірнеше рет пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот отырысы барысында қаза тапқандарға салынған пышақ жарақаттарының саны туралы мәліметтер жарияланды. Іс материалдарына сәйкес, барлық жәбірленушілер бірнеше рет жарақат алған.
Сотта белгілі болғандай, Сарсемалиевтің әйелі Ақбаянның әпкесі Мейрамгүл 32 пышақ жарақатын алған, бауыры Наурыз – 10, әкесі Максот – 9, анасы Насип – 8 рет жарақат алған.
Сонымен қатар сот барысында кісі өлтіру кезінде ас үй пышағы қолданылғаны айтылды. Тергеу деректеріне сәйкес, анасы, әкесі және әпкесі бір пышақпен өлтірілген.
Бұдан бөлек, сот процесі кезінде сотталушыны екі адвокат қорғайтыны белгілі болды, олардың бірі жеке қорғаушы. Алайда сот отырысына тек бір адвокат қатысқан.
Осыған байланысты төрағалық етуші судья Зарема Хамидуллина істі қараудың тәртібін түсіндіріп, қорғаушылардың біреуінің келмеуі сот отырысын кейінге қалдыруға негіз болмайтынын атап өтті.
Отбасының жұмбақ жоғалып кетуі туралы туыстары полицияға екі айдан кейін хабарлаған. Ресми іздестіру шаралары 2025 жылғы 25 желтоқсанда басталды. 2026 жылғы 6 қаңтарда ерлі-зайыптылардың мәйіттері Жангелдин ауылындағы өздерінің қорасынан табылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сарсемалиев халықаралық іздеуге жарияланды. 13 қаңтарда күдіктімен бірге оның жұбайы — 30 жастағы Ақбаян Мұқанғалиева, қаза тапқан отбасының кіші қызы да халықаралық іздеуге жарияланғаны белгілі болды. 24 ақпанда ІІМ олар Индонезияда ұсталғанын хабарлады. Ал 25 ақпанда марқұмдардың қызы да күдікті деп танылғаны белгілі болды. Алайда мамыр айында прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваның қылмысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеп, оған қатысты кісі өлтіру бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылған.
9 наурызда Сұлтан Сарсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді. Тергеу барысында күдікті Сарсемалиев марқұм ерлі-зайыптылардың балалары — Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындаған. Олардың мәйіттері Атырау маңындағы Геолог ықшам ауданында, бұрын Сарсемалиев жұбайымен бірге жалға тұрған үйдің ауласынан табылған.
Сот процесінің алғашқы отырыстарының бірінде мемлекеттік айыптаушы тергеу нұсқасын жариялап, Сарсемалиев бір отбасының бірнеше мүшесін өлтірді, қылмысты жасырып қалды, сондай-ақ марқұмдардың атына несие рәсімдеді деп айыпталғанын айтты. Ал сотталушы өзін кісі өлтіруге мәжбүрлегенін мәлімдеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:53, 28 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды
-
13:35, 28 мамыр 2026
«Қазцинк» зауытындағы жарылыстың себептерін ғалымдар зерттейді
-
13:28, 28 мамыр 2026
Шенеуніктерді есірткіге тексеру қашан басталады: агенттік түсінік берді
-
13:15, 28 мамыр 2026
Мәжіліс телекоммуникация және дата-орталықтар туралы заң жобасын мақұлдады
-
12:55, 28 мамыр 2026
ҰҚК батыс Қазақстанда құлаған дрондар туралы пікір білдірді





