Қазақстанда бір жылда жаңа баспана 17,3 пайызға қымбаттады
© Сурет: freepik
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3%-ға артты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе – 30,3%, Семей – 26,9%, Ақтау – 25% қалаларында қымбаттады.
Қолданыстағы пәтер нарығы саудасындағы баға өсімі бойынша тізімді – Талдықорған (44,6%), Ақтау (43,3%), Семей (42,8%), Ақтөбе (42,4%), Астана (41,7%), Қызылорда қалалары бастап тұр (41,2%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығындағы ең қымбат бағалар Алматы (76,6%), Қарағанды (55,7%), Қостанай қалаларында (54,5%) анықталды.
Бір айдың ішінде қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 1%, жаңа тұрғын үйді сату 1,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда қарашада 2,4% төмендеді.
Статистер ұсынған мәліметке сүйенсек, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылмен салыстырғанда биылғы қарашада 48,6%-ға артты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





