Қазақстанда автосақтандыру құны өзгереді: бұл кімдерге әсер етеді
© Фото: pexels
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 5 мамырда міндетті автосақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, негізгі өзгерістер КҚИ АҚЖМС сақтандыру полисінің құнын есептеу кезінде қолданылатын "бонус-малус" жүйесіне қатысты.
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жүргізушінің сақтандыру тарихына байланысты болады: жол-көлік оқиғаларынсыз жүргізу кезінде құны төмендейді, ал сақтандыру жағдайлары болған кезде ұлғаяды.
Сақтандырудың ең жоғары құнын төмендету мақсатында "бонус-малус" сыныптарының құрылымын оңтайландыру ұсынылады.
Атап айтқанда, жалпы сақтанушылар санының 0,001%-ынан аз үлесті құрайтын сирек қолданылатын "М1" және "М2" сыныптары алынып тасталады. Аталған түзету сақтандыру сыйлықақысының ең жоғары мөлшерін 30%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
КҚИ АҚЖМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге төлемдердің кепілді түрде жүзеге асырылуы мақсатында Жобада 4-тен 13-ке дейінгі сыныптар бойынша "бонус-малус" коэффициенттерін өзектендіру ұсынылады. Осы өзгерістердің нәтижесінде сақтандыру сыйлықақысының орташа мәні қазіргі 23 870 теңгеден 28 130 теңгеге дейін ұлғаяды деп күтіледі.
Ұсынылып отырған өзгерістер КҚИ АҚЖМС жүйесінің тұрақтылығын сақтауға және сақтандыру компанияларының ЖКО-дан зардап шеккендерге өтемақыларды уақтылы әрі толық көлемде төлеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Маңызды жаңашылдық жүргізушінің жеке тәуекелін бағалау мүмкіндігі болып табылады. Сақтандыру ұйымдары бірыңғай сақтандыру дерекқорынан (БСДҚ) алынған деректер негізінде қосымша тәуекел факторларын ескере алады және "бонус-малус" коэффициентіне 10% шегінде жеңілдік немесе үстемеақы түрінде түзету қолдана алады. Бұл сақтандыру құнын айқындау кезінде жүргізушілердің жолдағы жүріс-тұрысын неғұрлым дәл ескеруге мүмкіндік береді.
Ең ұқыпты жүргізушілер үшін ерекше көтермелеу көзделген. Ең жоғары "13-сыныпта" 5 жылдан астам үздіксіз жүрген жеке тұлғалар үшін сақтандыру ұйымдары жеңілдіктерді қолдана алады, олардың мөлшері одан да елеулі болуы мүмкін (коэффициенттің белгіленген мәнінен 90%-дан төмен). Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Бұдан басқа, Жоба КҚИ АҚЖМС бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын өңірлер бойынша түзету коэффициенттерін есептеу тәсілдерін жетілдіруді көздейді. Атап айтқанда, неғұрлым өзекті деректерді пайдалана отырып есептеу әдістемесі жаңартылуда, бұл сақтандыру төлемдері мен тапқан сақтандыру сыйлықақылары негізінде шығын деңгейін дәлірек ескеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ түзету коэффициенттерін есептеу үшін пайдаланылатын түзету коэффициенттерінің, таргеттелетін шығындылықтың және анықтық факторының мөлшерін бекітудің бірыңғай мерзімін белгілеу көзделеді.
Ұсынылып отырған өзгерістерді іске асыру КҚИ АҚЖМС жүйесінің шығындылық деңгейін төмендетуге, тарифтерді неғұрлым икемді етуге, сақтандыру құнын нақты жүргізушінің жолдағы мінез-құлқына қарай әділ бөлуге және ұқыпты жүргізуді қаржылық тұрғыдан ынталандыруға мүмкіндік береді.
Жобаның толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:18, 5 мамыр 2026
Жолаушылар мен багаж тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді
-
16:06, 5 мамыр 2026
Қару ұстауға рұқсат алу үшін медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшіріледі
-
15:57, 5 мамыр 2026
Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысының немен айналысатыны белгілі болды
-
15:37, 5 мамыр 2026
Бас прокуратура желіде кеңінен таралып жатқан бейнеге қатысты үндеу жасады
-
15:23, 5 мамыр 2026
Батыстан қиыр Шығысқа дейінгі жолды жүріп өткен: павлодарлық майдангер 7 мамырда 99 жасқа толады





