Көлік полицейлері жолаушыдан марихуана тапты: шетелдік азамат жауапқа тартылды

17:20, 20 ақпан 2026

© Фото: zakon.kz

Шетел азаматы есірткі заттарын шекара арқылы заңсыз тасымалдағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК-ның шекара қызметімен бірлесіп Саратов – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қызметтік-іздестіру иті жолаушылардың біріне нұсқады. Күдікті Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткен 50 жастағы шетел азаматы болып шықты. Жеке тексеру барысында күдіктіден марихуана табылып, тәркіленді.

Ер адам аталған есірткі затын жеке тұтыну мақсатында сақтағанын айтты. Орал станциясындағы желілік полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізді.

11 ақпанда Тасқала ауданының соты шетел азаматын кінәлі деп танып, жауапқа тартты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!