Қазақстанда ауыл жолдары кезең-кезеңімен асфальтталады
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 3 наурызда Үкіметтегі брифинг барысында ауылдар арасындағы барлық жолдарды міндетті түрде асфальттаудан бас тарту бюджет қаражатын ұтымды пайдаланумен байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, көптеген ауылдарға асфальт жол төселеді.
"Бұл — тірек ауылдар, сондай-ақ 500-ден астам көлік қатынайтын немесе 500-ден көп тұрғыны бар елді мекендер. Барлық шекара маңындағы ауылдар заң бойынша асфальт жолмен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауыл жолдары туралы айтылған мәселе — жай ғана мысал", — деді Нұрлан Сауранбаев.
Ол Қазақстан аумағы бойынша әлемдегі ең ірі он елдің қатарына кіретінін, алайда халық тығыздығы төмен мемлекет екенін атап өтті.
"Сондықтан инфрақұрылымға өте үнемді әрі тиімді қарауымыз қажет. Егер тұрғындары аз әрбір ауылға асфальт төсейтін болсақ, қаржы жетпейді. Бұйрықта қарастырылған шешім өте қарапайым. Мысалы, аудан әкімдігіне 500 млн теңге бөлінеді — бұдан артық қаражат жоқ. Осы қаржыға бір ауылға асфальт жол салып, толық жұмсауға болады, себебі асфальт жол салу бес есе қымбат. Немесе сол қаражатқа бес ауылға қиыршық тас жол салуға мүмкіндік бар. Мәселе осында. Қаржы көбейіп, экономика мүмкіндік берген кезде бұл жолдарды кейін асфальттаймыз. Бұл — қаражатты ұтымды пайдалану тәжірибесі. Мұндай тәжірибе, мысалы, Германияда да қолданылады", — деді министр.
2026 жылғы 20 ақпанда Көлік министрлігі облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде асфальтбетон және цементбетон жабындарын қолдануға уақытша шектеулер енгізу туралы бұйрық жобасын дайындағаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:41, 3 наурыз 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті
-
16:39, 3 наурыз 2026
Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты
-
16:27, 3 наурыз 2026
Полиция «102» нөміріне жалған қоңырау шалу жауапкершілікке әкелетінін ескертеді
-
16:16, 3 наурыз 2026
Абай облысында полицейлер қосалқы бөлшектерді қайта сату схемасын тоқтатты
-
16:04, 3 наурыз 2026
Щучинсктегі жарылыс: қаза тапқандардың саны артты





