Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

© Сурет: pixabay
Алаяқтар алқау елден ақша жымқырудың тағы бір әдісін ойлап тапты: енді олар "конкурста дауыс беру" деген желеумен фишинг сілтемелер тарата бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
StopFake.kz сайты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы ақпарат тарағанын жазды. Пайдаланушыларға белгілі бір конкурста балаға немесе таныс біреуге дауыс беру жөнінде өтініш білдірген хабарлама мен сілтеме жіберіледі. Осылайша алаяқтар аккаунттарға кіреді, тіпті ақша да ұрлайды.
Осындай алаяқтық схемасы туралы 2023 жылдың тамызында ресейлік пайдаланушылар да байқаған. Олардың айтуынша, таныстарына немесе туыстарына дауыс беру ниетімен сілтеме бойынша өткенде, телефон нөмірін және оған келген кодты енгізуді талап ететін парақша ашылады. Осыдан кейін адамдар What’sApp аккаунттарын басқара алмай қалған, ал контактілерінің барлығына дерлік дауыс беру туралы ақпарат жіберілген.
Алаяқтардың құрығына түскендердің кейбірі телефон нөмірін де, кодты да енгізбегенін, бірақ сілтеме арқылы өткеннен кейін бірден аккаунтты басқара алмай қалғандарын айтқан. Зардап шеккендердің бірінің сөзінше, алаяқтар оның басқа да аккаунттарын, соның ішінде мемлекеттік ресурстардағы аккаунттарын бұзуға тырысқан.
"Мұндай алаяқтықтан өз-өзіңізді сақтау үшін кім жіберсе де, күмәнді сілтемелерге кірмеңіздер. Егер танысыңыз сізді қандай да бір сайтқа кіруге шақырса да, есіңізде болсын – оның аккаунтын біреулер бұзып кірген болуы мүмкін", – деп ескертті StopFake.kz.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 1 қазан 2023
Теракт жасауға әрекеттену: Анкарада Түркия ІІМ ғимараты маңында жарылыс болды
-
13:10, 1 қазан 2023
Азиада-2022: Қазақстан балуаны Бекәділ Шаймерденов күміс медаль иеленді
-
12:58, 1 қазан 2023
Таулы Қарабаққа БҰҰ миссиясы келіп жетті
-
12:37, 1 қазан 2023
Сауль Альварес бокстан әлемнің абсолютті чемпионы атағын кезекті рет қорғап қалды
-
12:04, 1 қазан 2023
Атырау мұнай өңдеу зауыты отын өндірісін уақытша тоқтатты