Қазақстанда ақбөкендерді атуға қайта рұқсат беріле ме
© Сурет: wikimedia
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2025 жылғы 26 наурызда Үкіметте өткен брифингте елімізде ақбөкендерді атуға қайта рұқсат берілу жайында қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министр ақбөкендерге маманданған ғылым өкілдерімен және сарапшылармен алғашқы кездесу ұйымдастырылғанын айтты.
"Екінші кездесуді күтеміз. Ғылым жағдайды тағы бір рет жан-жақты зерттеп, міндеттемелерді бағалап, шешім қабылдауы үшін уақыт қажет. Қазірдің өзінде біз адам әрекетімен қақтығысты көріп отырмыз. Сонымен қатар, эпизоотияға байланысты қауіптер бар. Мұнда өте салмақты шешім қажет. Сондықтан ғалымдар жауапты тұлғалармен және орман шаруашылығы комитетімен бірлесіп бұл мәселені пысықтауда. Менің ойымша, жақын арада шешім қабылданады, тапсырма берілді", – деп толықтырды ол.
Ерлан Нысанбаев шешім биылғы жылы қабылданады деп есептейді.
Сондай-ақ, журналистер реттеу қалай жүргізілетінін нақтылады.
"Әдеттегідей. Бұл арнайы желілерді пайдаланып аулау немесе ату. Басқаша қалай болмақ? Бірақ соңғы шешімді қазір ғылым қарастыруда", – деп толықтырды ол.
Бұған дейін браконьердің Ақтөбе облысының тұрғындарына ақбөкеннің етін 35 мың теңгеден сатқандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:12, 30 сәуір 2026
Ұшақта музыкалық аспаптарды тасымалдау ережесі өзгерді
-
16:00, 30 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрін қабылдады
-
15:30, 30 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
-
15:19, 30 сәуір 2026
Қарағанды облысында жалған ақшамен сауда жасаған әйел анықталды
-
15:07, 30 сәуір 2026
Синоптиктер мамырдың алғашқы күндеріне болжам жасады





