Черногория президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

14:15, 18 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Черногория президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Черногория басшысының елімізге сапары 2026 жылғы 18-20 маусым аралығында өтеді. Сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің шақыруымен ұйымдастырылып отыр.

19 маусым күні жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған. Кездесу барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды.

Ақорда мәліметінше, келіссөздер екі ел арасындағы өзара байланыстарды дамытуға және жаңа ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, маусым айының басында Қазақстанға ресми сапармен Никос Христодулидис келген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!